AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Сайлау 2026 / «Әділет» партиясының кандидаттары «Алматы жылу жел...

«Әділет» партиясының кандидаттары «Алматы жылу желілері» кәсіпорнының ұжымымен кездесті

Сайлау 2026 Бүгін 11:30 90
«Әділет» партиясының кандидаттары «Алматы жылу желілері» кәсіпорнының ұжымымен кездесті
Фото: adilet-partiyasy.kz

Кәсіпорын қызметкерлері саланың өзекті мәселелерін көтеріп, сайлауалды бағдарламаға қатысты сұрақтарын қойды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында «Әділет» партиясының сайлауалды штабының өкілдері «Алматы жылу желілері» кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесті. Басқосуда қаланың инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымын жаңғырту және энергетика саласын дамыту мәселелері талқыланды.

Кездесуге «Әділет» партиясынан Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттар, қалалық сайлауалды штаб мүшелері және кәсіпорын қызметкерлері қатысты.

«Алматы жылу желілері» – қала тұрғындарын, әлеуметтік нысандарды, кәсіпорындар мен ұйымдарды жылу энергиясымен қамтамасыз ететін негізгі коммуналдық кәсіпорындардың бірі.

Жиын барысында партияның 2026-2031 жылдарға арналған Алматы қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды. Коммуналдық желілерді жаңарту, жылумен жабдықтау жүйесінің сенімділігін арттыру, инженерлік инфрақұрылымды дамыту және тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар қаланың қарқынды өсуіне байланысты коммуналдық инфрақұрылымға түсетін жүктеме мен энергетика саласының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.

Ашық диалог барысында кәсіпорын қызметкерлері саланың өзекті мәселелерін көтеріп, сайлауалды бағдарламаға қатысты сұрақтарын қойды және қаланың инженерлік инфрақұрылымын одан әрі дамыту жөніндегі ұсыныстарын білдірді.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: С.В. Канкуров

Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.                                  

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы мен Қытай жастарды жұмыспен қамту және кәсіби дамыту бағытындағы ынтымақтастықты кеңейтіп келеді

Бүгін 14:13

«Бәйтерек» ҰИХ экономиканы қолдауға 8,7 трлн теңге бөлді

Бүгін 14:06

Қазақстанда сапалы жоғары білім алу мүмкіндіктері кеңейіп келеді

Бүгін 13:43

Олжас Бектенов отандық кәсіпорындарды қолдауды күшейтуді тапсырды

Бүгін 13:35

Азаматтық құқықтарды қорғау жаңа Азаматтық кодексте одан әрі дамытуды қажет етеді – Елеужан Серімов

Бүгін 13:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);