конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / «Әділет» партиясы Алматы қалалық филиалының I конф...

«Әділет» партиясы Алматы қалалық филиалының I конференциясы өтті

Алматы Бүгін 16:51 60 yakiya
«Әділет» партиясы Алматы қалалық филиалының I конференциясы өтті

Бүгін «Әділет» партиясы Алматы қалалық филиалының I конференциясы өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

«Әділет» партиясы Алматы қалалық филиалының I конференциясы өтті. Конференция барысында Алматы қаласындағы партия мүшелері Жаңа Конституция қағидаттарын белсенді іске асыруға үндеді. Конституциялық реформаның Әділетті Қазақстанды құру мен заң үстемдігін нығайтудың берік құқықтық негізі ретіндегі тарихи маңызы атап өтілді.

Конференцияның күн тәртібіне сәйкес филиал төрағасы, Саяси кеңес пен Бақылау-тексеру комиссиясының мүшелері сайланды.

«Әділет» партиясы Алматы қалалық филиалының басшысы болып Станислав Владимирович Канкуров сайланды. Станислав Канкуров Алматы қаласы мәслихатының үш шақырылымының депутаты болып сайланған, қоғамдық-саяси салада көпжылдық тәжірибесі бар. Әр жылдары партияда басшылық қызметтер атқарған, сондай-ақ Алматы қаласы мәслихатының төрағасы болған. Ғылым докторы, мемлекеттік тілді еркін меңгерген.

Сонымен қатар, партияның Орталық аппаратының келісімі бойынша «Әділет» партиясы Алматы қалалық филиалы басшысының орынбасарлары болып «Ордабасы» футбол клубының президенті, Қазақстан бокс федерациясының бірінші вице-президенті Дархан Еркінұлы Қызайбаев және «ҚазАзот» АҚ Директорлар кеңесі төрағасының кеңесшісі, «GOOD FOOD KZ» ЖШС құрылтайшысы Мұхтар Махамбетұлы Зулеев тағайындалды.

Саяси кеңестің құрамына шағын және орта бизнес, өнеркәсіп, білім және ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, бұқаралық ақпарат құралдары, экология және құқық салаларының өкілдері, даму институттары, жастар және қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ қала экономикасы мен қоғамдық өмірінің түрлі салаларын танытатын өзге де өкілдер енді.

Бақылау-тексеру комиссиясының құрамына мемлекеттік аудит, экономика, қаржы, бухгалтерлік есеп, құқықтану, корпоративтік басқару және кәсіпкерлік салаларында көпжылдық тәжірибесі бар мамандар кірді. Бұл филиалдың қаржы-шаруашылық қызметіне кәсіби әрі объективті бақылауды қамтамасыз етеді.

Осылайша, партияның Алматы қалалық филиалының басшылық органдарын қалыптастыру ұйымдық кезеңнің аяқталғанын білдіреді. Алдағы уақытта филиал өңір тұрғындарымен жүйелі жұмыс жүргізуге, партиялық бастамаларды іске асыруға, сарапшылар қауымдастығымен, кәсіпкерлермен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылды дамытуға кіріседі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#партия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы әлем технологиялық жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басқанын айтты

Бүгін 16:47

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 38-ші пленарлық отырысын өткізді

Бүгін 16:44

Алматыда Future Makers Festival аясында АҚШ-тың Тәуелсіздік күні аталып өтеді

Бүгін 16:42

«Елдің болашағы бүгінгі шешімнен басталады» – қоғам белсенділері жаңа конституция туралы

Бүгін 16:38

Смағұл Елубай: Қазақстан жаңа конституциямен жаңа жолға түсті

Бүгін 16:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);