AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Әділдік іздеген ана: Маңғыстаудағы қанды оқиғаға қ...

Әділдік іздеген ана: Маңғыстаудағы қанды оқиғаға қатысты сұрақ көп

Оқиға 03.09.2025, 16:25 523
Әділдік іздеген ана: Маңғыстаудағы қанды оқиғаға қатысты сұрақ көп
Сурет: ЖИ

Ақтаудағы қанды оқиға: әділдік іздеген ананың  хаты

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында әділетсіздік болды.  Aqshamnews.kz редакциясына осындай хат келді. Хатты жазған – кісі қолынан қаза болған жасөспірімнің ісі бойынша күдікті әрі осы қылмысты жасады деп айыпталып отырған жігіттің анасы. Ол бұл істе әділетсіздік орын алғанын және қылмысқа қатысы бар негізгі фигуранттардың бостандыққа жүргеніне қапалы. 

 

Оқиғаның мән-жайы

Редакциямызға хат жазып, көмек сұраған ананың айтуынша, 2025 жылғы 8 сәуірде Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ақжігіт ауылында 17 жастағы Сағындық есімді жасөспірімді ауылдың бірнеше “старшак” жігіттері жабылып ұрып өлтірген. Қайтыс болған бозбала – отбасындағы жалғыз ұл екен.

Қайғылы оқиға бойынша қазір бір ғана жасөспірім қамауға алынған. Қазір осы іске қатысты жалғыз айыпталушы Ж.-ның анасының сөзіне сенсек, мұнда негізінен 13 күдікті бар. Тергеу барысында Бейнеу аудандық тергеушісі Нұрлыбек Мадиев істі бұрмалап, басты күдікті – М. есімді жігітті жауапкершіліктен құтқарып жіберген, дейді араша сұрап, әділдік іздеген ана. 

Анасының сөзіне сенсек, осы іске тікелей қатысты М.-ның туған жездесі Маңғыстау облыстық прокуратурасында қызмет етеді. Ал әкесі ауылда беделді, мал шаруашылығымен айналысатын дәулетті азамат екен. Осы себепті, басты күдікті жазадан құтылып отыр.

Қаза тапқан баланың ата-анасы – зейнеткерлер, ал қамауда отырған жасөспірімнің ата-анасы да қарапайым, тіреусіз адамдар.

 

Ресми органдардың жауабы

Істің жай-жапсарын анықтау мақсатында Aqshamnews.kz редакциясы Маңғыстау облыстық Полиция департаментіне ресми сауал жолдады. Ведомствоның ақпараттық саясат бөлімі:

«Аталған қылмыстық іс бойынша Маңғыстау облыстық сотына жүгінуді сұраймыз», – деп қысқа қайырды.

Сонымен қатар, іске қатысты шешімді шығарған Маңғыстау аудандық сотына да ресми сауал жолданды. Соттың жауабы да қысқа болды:

«Сіздің жолдаған сұрағыңызға байланысты хабарлаймыз. Іс бойынша үкім заңды күшіне енгеннен кейін сізге толық жауап ұсынылады».

 

Бізге белгілісі, қылмыстық іс бойынша Маңғыстау аудандық соты осы іске кінәлі деп Ж.Ж-ны 10 жылға соттады. 

Бұл – тек бір отбасының қасіреті ғана емес, қазақстандықтардың әділет жүйесіне деген сенімі тұрғысынан аса маңызды іс. Жәбірленуші жақ әділдіктің орнауын сұрайды. Aqshamnews.kz редакциясы алдағы уақытта бұл істі назарда ұстайды

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ақтау #Қанды оқиға #хат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Балалар спортын қаржыландыру көлемі екі есеге артады

Кеше 19:52

Сыр өңірінің балалары Алматы чемпионатында топ жарды

Кеше 17:55

Референдум-2026: ТМД миссиясы дауыс берудің ашықтығы мен айқындығын растады

Кеше 17:40

Мьянма Ұлттық сайлау комиссиясының комиссары: Референдум халық арасында үлкен қызығушылық тудырды

Кеше 17:36

Қырғызстан ОСК төрағасы референдумның жоғары деңгейде өткенін дайындалғанын айтты

Кеше 17:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика