AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Адамдарды дронмен тасымалдауға рұқсат етілуі мүмкі...

Адамдарды дронмен тасымалдауға рұқсат етілуі мүмкін

Әлем 18.07.2022, 06:38 1,355
Адамдарды дронмен тасымалдауға рұқсат етілуі мүмкін
Сурет: Digbox.ru

Бұл жайында Сеулде өткен ұшқышсыз ұшақтардың  үшінші көрмесінде айтылды.


Онда қалалық әуе көлігінің болашағы талқыланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz сайтына сілтеме жасап. 


Жыл сайын дрондардың жылдамдығы артып келеді. Оңтүстік Кореяда ұшқышсыз ұшақтар жаңа қолданыс тапты. Олар театр қойылымдары кезінде қолданылады. Дрондар артистерді алмастырып, құстар мен жұлдыздарды бейнелей алады. Сондай-ақ ұшақтар жарыс, кедергілерден өту және футбол сынды ойындарда пайдаланылады. Спортшылар тек дрондарды басқару ғана емес, оларды құрастыра да білуі тиіс. Дрондар қызық ойыншықтан алып қаруға айналды. Қазір Корея да жауынгерлік ұшақтар жасауда. Елдегі алғашқы стелс-дронның 70 пайызы дайын. 



«Біз жасанды интеллекті бар дронды жасап шығардық. Оның салмағы небәрі 2 келі және ол тікелей режимде объектілер мен адамдардың орналасқан жерінің нақты координаттарын бере алады. Фермерлер мен төтенше жағдайлар қызметкерлеріне көмектесетін дрондар көбейіп келеді. Мына құрылғы адам қолы жетпейтін жерлерде өрт сөндіргіш сұйықтықты шашады», - дейді компания президенті Чон Джин Хо.


«Біздің дрон электр қуатымен жұмыс істейтіндіктен, парниктік газдарды шығармайды. Сағатына 320 шақырым жылдамдық Сеулден Инчхонға дейін 50 шақырымды 15 минутта бағындыруға мүмкіндік береді. Батареяны 10 минут ішінде толық зарядтауға болады. Қазіргі уақытта ұшқышсыз ұшақтың сыйымдылығы 7 орын, бірақ біз жолаушылар санын 15-ке жеткізу үшін жұмыс істеп жатырмыз», - дейді компания президенті О Сон Чоль.



Қалалық әуе көлігі жобасын жүзеге асыру үшін дрон жасайтын компаниялар Үкіметтен қаржылық қолдау, салықтық жеңілдіктер мен ережелерді жеңілдетуді сұрайды. Бұл инфрақұрылым салу мен қызметкерлерді оқыту үшін қажет.



«Саланың дамуы үшін қажетсіз ережелерден арылу керек. Бізде бұл саланың әлемдік көшбасшысы болуға жақсы мүмкіндік бар. Қалалық әуе көлігі аз адамдарға арналған көлік ретінде емес, қолжетімді құны мен ыңғайлылығымен жаппай қолданысқа енгзілетін көлік ретінде қарастырылады деп үміттенемін», - дейді Корея жер, инфрақұрылым және көлік министрі Вон Хи Рен.



Қалалық әуе қозғалысы туралы заң жобасы келесі айда Корея Парламентіне жолданады. Құжат мақұлданса, жолаушыларды ұшқышсыз ұшақтарда тасымалдауға 2025 жылдан бастап рұқсат етіледі.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#дрон #ұшқышсыз ұшақ #Көрме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ-да биотехнологияның болашағы мен даму перспективалары талқыланды

Бүгін 15:17

«Қазақтың Қыз Жібегі»: Алматыда Меруерт Өтекешованың 75 жас мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті

Бүгін 15:16

Олжас Бектенов еліміздің электр энергетикасы саласын дамыту бойынша кеңес өткізді: «Самұрық-Қазына» қорының жобалары қаралды

Бүгін 14:01

Алматы әкімі Hyundai Motor Group өкілдерімен ақылды қала технологиясын енгізу мәселесін талқылады

Бүгін 12:49

Алматылық сарапшы Оралбек Карим: ең төменгі жалақыны арттыру отандық өндірісті дамытумен қатар жүруі тиіс

Бүгін 12:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);