AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Адам кез-келген қиындықты жеңе алады

Адам кез-келген қиындықты жеңе алады

Әлеумет 22.12.2024, 13:36 1,029 Nursok82
Адам кез-келген қиындықты жеңе алады
ЖИ көмегімен салынды

Netflix-тегі «Жоғалған балалар» деректі фильмі 2023 жылы Амазон ну орманында орын алған шынайы оқиға негізінде түсірілген. Бұл фильмде бір отбасының аман қалу жолындағы керемет оқиғасы баяндалады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

2023 жылдың 1 мамырында Магдалена Мукутуи төрт баласымен бірге Колумбияның оңтүстік-шығысындағы Сан-Хосе-дель-Гавиаре қаласына ұшып бару үшін бір моторлы Cessna ұшағына отырады. Ұшақта үш ересек пен төрт бала болған. Балалардың ең үлкені – 13 жастағы Лесли, ал ең кішісі – небәрі 11 айлық сәби.

Амазония үстімен ұшып бара жатқан ұшақ орманның бір бөлігіне құлап, апатқа ұшырайды. Құтқару жұмыстарына Колумбияның арнайы әскери күштері мен жергілікті тайпалардың өкілдері жұмылдырылады. Алайда алғашқы 15 күнде іздеушілер ешқандай дерек таппай, ну орманды кезумен уақыт өткізеді.

Тек 16-күні құтқарушылар орманда он төрт жастағы Алехандромен кездеседі. Орманнан ешқашан шықпаған бұл бала оларға ұшақтың құлаған орнын көрсетіп, «көк үй» деп атаған сынықтарды нұсқайды. Ұшақта тек ересектердің денесі табылғанымен, балалардың із-түзсіз жоғалғаны анықталады.

Балалар тірі болуы мүмкін деген үмітпен құтқарушылар іздеуді жалғастыра береді. Ұшақ құлаған жерден бір шақырым қашықтықтан баланың сүт ішетін бөтелкесі, ал тағы бір шақырымнан жабайы жемістердің жартылай тістелген қабығы табылады.

40 күн өткеннен кейін құтқарушылар 13 жасар Леслиді үш бауырымен әлсіреген күйінде, орманның су жағасында тауып алады. Төрт бауырдың ормандағы бір айлық ғажайып аман қалуы – Леслидің ерлігінің айқын дәлелі.

Лесли апаттан кейін бауырларын орманның қауіпті ортасында тірі қалдыру үшін жапырақтармен, жабайы жемістермен тамақтандырып, бір ай бойына қамқорлық жасаған. Құтқарушылар Леслиден: «Қалай жол тауып отырдыңдар?» – деп сұрағанда, ол:
"Күн сайын алға қарай жүріп отырдық. Құтқарушылар бізді байқасын деп, жолға кейбір заттарымызды қалдырып кеттік," – деп жауап берген.

Бұл оқиға тек балалардың аман қалуы туралы емес, сонымен бірге адамның алға ұмтылу, қайсарлық пен табандылық арқылы қандай қиындықты да жеңе алатынын дәлелдейді. 13 жасар Леслидің ерлігі – өмірде тек алға қарай жүру, мақсатқа ұмтылудың шынайы үлгісі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бала #ұмтылыс #қасиет #Кино
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы әлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлардан өтінім қабылдауды бастады

Бүгін 19:35

Алматыға Шанхай ғылым және технологиялар колледжі делегациясы келеді

Бүгін 18:42

Алматының ажары

Бүгін 18:12

Алматылық Камиля Досмалова пара таэквондодан Азия чемпионы атанды

Бүгін 16:51

Алматы тұрғындары «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына қатысты

Бүгін 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);