AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Адам ағзаларын сатқан қазақстандық Польшаға қашып...

Адам ағзаларын сатқан қазақстандық Польшаға қашып кеткен

Заң мен тəртіп 24.12.2025, 10:08 496 Сұлу
Адам ағзаларын сатқан қазақстандық Польшаға қашып кеткен
Видео кадры

Қазақстандық  бірнеше жыл бұрын адам ағзаларын саудалаған деген күдікке ілінген. Алайда кейіннен оның Польшаға қашып кеткені белгілі болды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Бас прокуратура мен Интерполдың Ұлттық орталық бюросының қызметкерлері Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Польшадан адам ағзаларын сатқаны үшін іздеуде жүрген Украина азаматын экстрадициялады.

Ол 2017-2018 жылдар аралығында трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі бола отырып, адам ағзаларын заңсыз сатып алу-сатумен айналысқан деген күдікке ілінді.

Оның рөлі донорлар мен реципиенттер іздеу және олардың арасындағы кездесулерді ұйымдастыру, органдарды сатып алу-сату мен трансплантациялау операцияларын құпия ұстау және ұйымдастырушылық қолдауды қамтамасыз ету болды.

Жалпы алғанда, қылмыстық топ мүшелері Қазақстан аумағында және басқа елдерде тірі адамдардың органдарымен 56 заңсыз мәміле жасап, яғни Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында сатып алу-сату және кейіннен трансплантациялауды ұйымдастырған.

"Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, 5 жыл бойы халықаралық іздеуде болған. Осы жылдың наурыз айында ол Польша шекарасын кесіп өтпек болған кезде ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, сегіз жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Айта кетейік, бұған дейін бұл қылмыстық ұйымның 2 мүшесі Түркия мен Ресейден қайтарылған болатын", – делінген Бас прокуратураның хабарламасында.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#адам ағзасын сату #саудалау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Жеңіс күніне арналған велошеру өтті

Бүгін 18:12

ІІМ табиғи және тарихи нысандарды бүлдіруге қатысты ескерту жасады

Бүгін 17:19

Бүгін Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды

Бүгін 16:57

Атырауда Қарабалиндер отбасының өлімі: күдікті кінәсін мойындады

Бүгін 14:36

Алматы Gault&Millau-мен бірге өңірдің жаңа гастрономиялық астанасына айналып келеді

Бүгін 12:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);