AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / АДАЛДЫҚТЫҢ СИМВОЛЫ

АДАЛДЫҚТЫҢ СИМВОЛЫ

Өмір-өзен 31.10.2024, 12:15 1,039 yakiya
АДАЛДЫҚТЫҢ СИМВОЛЫ
«SPUTNIK-Казахстан»

Сейітқазы Матаев  70 жасқа толды.

Бүгін Қазақстанның медиа саласындағы беделді тұлға, елдегі сөз бостандығы мен журналистиканың дамуына орасан үлес қосқан көрнекті қайраткер Сейітқазы Матаев 70 жасқа толып отыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Журналистер Одағының төрағасы, әріптестері мен ізбасарлары үшін ақылшы, журналистика саласындағы сарабдал маман – Матаев мырзаның өмір жолы еліміздің журналистика тарихында ерекше із қалдырды.

Сейітқазы Матаев өзінің еңбек жолын Қазақ телеграф агенттігінде (ҚазТАГ) меншікті тілші болып бастады, сондай-ақ «Известия» газетінің Қазақстан бойынша меншікті тілшісі, тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тұңғыш Президенттің тұңғыш баспасөз хатшысы болды.

2001 жылдан бері Сейітқазы Матаев Қазақстан Журналистер Одағын басқарып келеді. 65 жыл бұрын құрылған бұл ұйым елдегі журналистиканың дамуына зор үлес қосты. Матаевтың әріптестері оның адалдығын ерекше тебіреніспен айтады, себебі бұл қасиет оның кәсіби және жеке өмірінің кредосына айналған.

Ол Қазақстандағы сөз бостандығын дамытуға үлкен үлес қосты. БАҚ өкілдерінің құқықтары мен мүдделерін қорғауда, сондай-ақ заң алдындағы ашықтықты сақтау мәселелерінде де алдыңғы қатардан табылды.

Журналистика – тек мамандық қана емес, ол ар-намысты, шындық пен әділдікті қорғау құралы. Оның өмір жолы мен қызметі адалдық, жауапкершілік, шынайылық қағидаттарына негізделді.

Сейітқазы Матаев көптеген тарихи оқиғалардың куәсі болды.

«Журналист қарапайым халықтың пікіріне, көзқарасына құрметпен қарауы тиіс», -  деп санайды Журналистер Одағының төрағасы.

Сейітқазы Матаевтың барлық жетістіктері мен қиындықтарында жанында сүйікті жары Баян Рамазанова бірге болды. Ол ұзақ жыл радио саласында қызмет етті. Студенттік жылдары басталған жұптың махаббаты жарасымды жанұялық өмірдің 46 жылына жалғасып келеді. Өнегелі отбасы үш ұл тәрбиелеп өсірді, олар да ата-анасының ізін қуып, журналистика жолын жалғастырып келеді.

Сейітқазы Матаевтың өмір жолы – журналистиканың құндылықтары мен әділдікке деген сенімнің символы.

Еңбегіңіз жана берсін, Сейітқазы аға! Мерейтойыңызбен құттықтаймыз!

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сейітқазы Матаев #журналистер одағы #Мерейтой
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);