Бүгінгі мемлекеттік аппараттың сапасы тек заңнамалық базаны білумен шектелмейді.
Қоғамның билікке деген сенімі ең алдымен мемлекеттік қызметшінің ішкі адалдығы мен этикалық нормаларды қаншалықты ұстанатынына тікелей байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, «ADALDYQ CUP» зияткерлік сайысы — дәстүрлі форматтардан бөлек, жаңаша серпін берген жоба.
Жобаның басты сараптамалық құндылығы — теоретикалық білімді нақты кейстермен (мүдделер қақтығысы, әдеп нормаларын сақтау) ұштастыруында. Интерактивті әдіс арқылы қатысушылар қызметтік жағдайларда дер кезінде дұрыс шешім қабылдау дағдысын шыңдады.
Адалдық пен парасаттылықты жай ғана құрғақ ереже ретінде емес, күнделікті қызметтік мәдениет ретінде орнықтыру — сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың ең сенімді жолы. Бұл бастама мемлекеттік қызметшілердің кәсіби жауапкершілігін арттырып, ашық әрі халыққа жақын мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыруға жасалған нәтижелі қадам болды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Жабаева М.С.