AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жаңа Конституция / «Адал азамат», жауапкершілік және жасампаздық: Алм...

«Адал азамат», жауапкершілік және жасампаздық: Алматыда студенттермен Президент айқындаған құндылықтар талқыланды

Жаңа Конституция Бүгін 17:19 35
«Адал азамат», жауапкершілік және жасампаздық: Алматыда студенттермен Президент айқындаған құндылықтар  талқыланды
Алматы әкімдігі

Білімге, еңбекқорлыққа, отаншылдық пен бірлікке де ерекше назар аударылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда студенттермен Мемлекет басшысы айқындаған негізгі құндылықтар – адалдық пен жауапкершілік, заңға құрмет, отаншылдық, еңбекқорлық, білімге ұмтылу, бірлік, қоршаған ортаға ұқыпты қарау және жасампаздық мәселелері талқыланды.

Диалог QyzPU Студенттік Құрылтайының «Адал ой. Жауапты әрекет. Ортақ мүдде» ұранымен өткен алғашқы отырысы аясында ұйымдастырылды.

Кездесуге Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының өкілдері, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің басшылығы және студенттер қатысты. Негізгі тақырып – Президент айқындаған құндылықтарды жастардың күнделікті өмірінде іс жүзінде қолдану болды.

Қатысушылар «Адал азамат» қағидатын өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау, оқу мен еңбекке адал болу, міндеттемелерді орындау және қоғамға пайда келтіруге дайын болу тұрғысынан талқылады. «Заң және тәртіп» қағидаты аясында заңды, өзге адамдардың құқықтарын құрметтеу және қоғам қауіпсіздігіне әр адамның жеке үлесі туралы сөз болды.

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек атап өткендей, бұл құндылықтардың нақты іс-әрекетке бағдар болуы маңызды.

«Жауапты азамат қарапайым нәрселерден басталады: адал оқу және еңбек ету, заң мен айналадағы адамдарды құрметтеу, өз міндеттемелерін орындау және өз қаласына ұқыпты қарау. Біреудің біздің орнымызға мәселені шешуін күтпей, “Мен нақты не істей аламын?” деген сұрақты өзімізге қою маңызды. Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының қолдауымен біз жастар үшін олардың бастамалары іс жүзінде жалғасын тауып, осы құндылықтар сөзден нақты іске айналуы үшін мүмкіндіктер жасап жатырмыз», – деді Азиз Кажденбек.

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры Бейбітгүл Кәрімова студенттердің қоғамдық өмірге қатысуының маңызын атап өтті:

«Бүгінгі студент – жай ғана болашақ маман емес, елдің қоғамдық дамуына өз үлесін қосатын азамат. Сондықтан біз үшін әр студенттің пікірі мен ұсынысы маңызды. “Студенттік Құрылтай – 2026” алаңы жастардың үнін естуге, өзекті мәселелерді ашық талқылауға және студенттік бастамаларды қолдауға мүмкіндік беретін маңызды диалог кеңістігіне айналады деп сенемін».

Білімге, еңбекқорлыққа, отаншылдық пен бірлікке де ерекше назар аударылды. Қатысушылар елге деген сүйіспеншілік ең алдымен іс-әрекеттен – сапалы еңбектен, үздіксіз дамудан, өз қаласына қамқорлық жасаудан және қоғамға пайда келтіруге дайын болудан көрінетінін атап өтті.

Бұл қағидаттардың практикалық көрінісі ретінде Алматыдағы жастар жобалары – YOUTH NOMADS, Jas Gala шығармашылық фестивалі, ALMA CUP 2026 спорттық турнирі, «Жасыл ел» және басқа да бастамалар жүзеге асырылып жатыр.

Жастардың тікелей қатысу тетіктерінің бірі – Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы іске қосқан «Жастар қатысатын бюджет» жобасы. Жас алматылықтар білім, технология, экология, кәсіпкерлік және қоғамдық даму салаларында жобаларын өздері ұсынып, ең сұранысқа ие бастамаларды дауыс беру арқылы анықтайды. Бір жобаны қаржыландыру көлемі 500 мыңнан 5 млн теңгеге дейін, бағдарламаның жалпы бюджеті – 90 млн теңге.

Осы тәсілдің жалғасы ретінде QyzPU Студенттік Құрылтайы құрылды. Бұл – студенттер өзекті мәселелерді ашық талқылап, шешімдер ұсынып, өз идеяларын нақты жобаларға айналдыра алатын алаң.

Мұндай диалогтың басты қағидаты қарапайым: құндылықтар іс-әрекеттен көрінгенде ғана мәнге ие болады. Адал оқу және еңбек ету, заңды құрметтеу, даму, жауапкершілікті өз мойнына алу, өз қаласы мен еліне пайда келтіру – заманауи «Адал азамат» бейнесі осыдан қалыптасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Корея Республикасының президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Бүгін 17:31

Алматылық дәрігерлер 33 жастағы пациенттің көзін сақтап қалды

Бүгін 17:12

Alma Qala Fest аясында екі күн қатарынан өтетін алма жәрмеңкесінде 200 тоннадан астам түрлі алма сорттары ұсынылады

Бүгін 16:17

Есентай жағалауы бойында арт-нысан жасау туралы ақпарат

Бүгін 16:17

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оңтүстік Корея Премьер-министрі Хан Сон Сук Alatau Smart City жобаларымен танысты

Бүгін 15:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);