Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / АБАЙТАНУШЫЛАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

АБАЙТАНУШЫЛАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

Барлығы 26.11.2025, 19:08 341
АБАЙТАНУШЫЛАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ
Сурет: Абай атындағы ҚазҰПУ Баспасөз қызметі

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы мен көрнекті абайтанушы-ғалымЖабал Шойынбеттің 70 жылдығына арналған«Абайтанудың жаңа кезеңі және Жабал Шойынбет» атты республикалық форум өтті, - деп хабарлайды Aqshavmnews.kz.

Абайтанушылар форумына еліміздің жетекші ғалымдары, зиялы қауым өкілдері, орта мектептегі «Абайтанудан» сабақ беретін мұғалімдер мен студенттер қатысты.

Жиынды университеттің Академиялық қызмет жөніндегі проректоры Бану Нарбекова ашып, Абай мұрасын зерттеудің ұлттық руханиятты дамытудағы маңызын атап өтті. Шараның ғылыми-тәжірибелік мазмұнын тереңдету мақсатында форум модераторы абайтанушы Дәурен Мұхамадиев болды.

Іс-шара барысында Жабал Шойынбетқұрастырған «Абайды зертте, таңырқат» және «Мекемтас Мырзахметұлы – Абай жолымен» аттыекі бірдей ғылыми жинақтың тұсауы кесілді. Олардың тұсауын ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Оразалы Сәбден, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі комитет төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан, Академиялық қызмет жөніндегі проректоры Бану Нарбекова, белгілі ғалымдар Дандай Ысқақұлы мен Балтабай Әбдіғазиұлы кесті. Бұл еңбектер абайтануды оқыту ісіне тың серпін беретін маңызды құралдар ретінде бағаланды.

Форумда абайтану ғылымының өзекті бағыттарына арналған мазмұнды баяндамалар оқылды. Ақерке Абылайхан «Толық адам тұғыры –әділет» атты баяндамасында Абай іліміндегі әділет концепциясын мемлекеттік даму стратегиясымен байланыстырып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың заң үстемдігі туралы тұжырымдарын мысалға келтірді. Ол Жабал Шойынбеттің «Толық адам» еңбегінің қазіргі гуманитарлық ғылымдағы маңызына ерекше тоқталды. Оразалы Сәбден «Абай және қазақтың болашағы» баяндамасында хәкім мұрасының ел дамуына ықпалын жан-жақты сөз етіп, Абай мұрасын дамытуға қатысты ұсыныстарын білдірді. Сыншы-ғалым Дандай Ысқақ Жабал Шойынбет зерттеулерінің ерекшеліктеріне тоқталса, ҚМДБ жанындағы Ислам ғылыми-зерттеу институтының директорыТөрәлі Қыдыр Абай дүниетанымындағы исламдық құндылықтарды саралады. Профессорлар Гүлзия Пірәлиева мен Руда Зайкенова абайтанудыңзаманауи ғылыми бағыттарын талдап, Жабал Шойынбеттің еңбектерімен сабақтастыра отырып мазмұнды пікір айтты.

Бұл баяндамалар форумға арнайы қатысқанАлматы қаласы мен Алматы облысындағы орта мектептердің «Абайтану» пәні мұғалімдеріне өте құнды да тұщымды ақпарат болды. Сондай-ақ, пәнді оқытуға әдістемелік тиімді тәсілдер ретінде ұсынылды.

Жиын соңында Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректорының кеңесшісі Хайрулла Нышанұлы университет атынан құттықтау сөз сөйлеп, 70-ке толған Жабал Шойынбетке шапан жауып, «Абай» төсбелгісін табыс етті. Сонымен қатар, форум жұмысына келген танымал ғалымдар мен қонақтар өз мекемелері атынан мерейтой иесіне сый-сияпаттарын ұсынды.

Республикалық деңгейде ұйымдастырылған бұл ғылыми басқосу Абай мұрасын жаңаша пайымдауға, абайтанудың жаңа кезеңін айқындауға және «Толық адам» ұлттық идеясының қазіргі гуманитарлық ғылымдағы орнын талқылауға мүмкіндік берген маңызды форум болды. Қатысушылар Абай шығармашылығын жан-жақты зерттеудің болашақ бағыттарын белгілеу арқылы қазақ руханиятындағы абайтанудың даму келешегіне қатысты ортақ ұстаным қалыптастырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Абайтану #форум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Бүгін 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Бүгін 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Бүгін 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Бүгін 17:11

Тоқаев Оман халқына тілектес екенін жеткізді

Бүгін 16:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі