AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарын құру жөніндегі...

Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарын құру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді

Әлеумет 03.06.2022, 14:34 1,936
Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарын құру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді
Cурет: Primeminister.kz

Үкіметтік комиссия құрылды


ҚР Президентінің Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарын құруды көздейтін «ҚР әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.
Іс-шаралар жоспары мынадай шараларды қамтиды: жаңа облыстардың шекараларын белгілеу; орталық мемлекеттік органдардың аумақтық органдарын құру; орталық және жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекіту; жаңадан құрылған облыстар арасында бюджет бөлу балансын қабылдау; облыстарды құру шеңберіндегі шығыстарды республикалық бюджетті қалыптастыру мен нақтылау үшін қарауға енгізу және басқалар кіреді. Жоспардың қабылдануы жаңадан құрылған және қайта ұйымдастырылған облыстарда мемлекеттік органдардың жұмыс істеуі үшін қажетті іс-шаралардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаржылық шығындарды қажет етпейді. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жаңа облыс орталықтарында бірқатар көшпелі кеңестер өткізді, олардың барысында өңірлердің қажетті әкімшілік ғимараттарды сатып алуға, жалға алуға және жөндеу жүргізуге дайындығы мен қажеттіліктері бағаланды. Жалпы жүргізілген талдау жұмыстары жаңа облыс орталықтарында мемлекеттік органдар мен қызметкерлерді орналастыру және олардың жұмыс істеуі үшін қажетті әкімшілік ғимараттар дайын екенін көрсетті. Естеріңізге сала кетейік, биыл 16 наурызда Мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстанда үш жаңа облыс құрылатынын мәлімдеді. Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында Үкіметтік комиссия құрылды, ол аудандық және облыстық мәслихаттар деңгейінде жария тыңдаулар ұйымдастыруды, тұрғындардың жергілікті өкілді органдармен кездесулерін, сондай-ақ республикалық ономастикалық комиссияның отырысы секілді ауқымды жұмыс жүргізді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Абай #Жетісу #Ұлытау #облыс #үкімет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының мәдениет күндері аясында Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті

Кеше 22:37

Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кеше 22:34

Қазақстандық ғалым алғашқы болып Майкл Фуллан сыйлығын алды

Кеше 19:18

Футболдан Бірінші лигада «Шахтер» ірі жеңіске жетті

Кеше 19:12

Атыраулық спортшы паражүзуден Қазақстан чемпионатында үш алтын жеңіп алды

Кеше 19:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика