ffin.kz

9 ақпан – Бүкіләлемдік пицца күні

9 ақпан – Бүкіләлемдік пицца күні Сурет: Aladka.ru

Көпшілікке жақсы таныс «Маргарита» пиццасы неліктен әйел адамның есімімен аталып жүр?


Пицца - әлемдегі ең танымал тағамдардың бірі. Кез келген пиццерияның мәзірінде міндетті түрде «Маргарита» атты пицца бар. 


Пиццаға ұқсас алғашқы тағамдар мыңдаған жылдар бұрын дайындала бастаған. Оны римдіктер де, ежелгі гректер де жасаған. Бірақ оған маңызды көкөністің бірі қызанақ жетіспеген. Қызанақ Еуропаға Оңтүстік Америкадан тек XVI ғасырдың басында келген. Сондықтан ежелгі пицца үстіне ірімшік, қызанақ салынған қарапайым қамыр болған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 


Қазіргі пиццаға ұқсас тағам алғаш рет Италияның Неаполь қаласында XVI ғасырдың ортасында дайындалды деген болжам бар. Алайда пицца ауқатты адамдарға ұсынылатын элиталық тағам болған деп ойламаңыз. Керісінше, бұл кедейлердің тамағы деп есептелген, тіпті кедей шаруаның өзі  қамырдың қалдықтарын жіңішке құймаққа айналдырып, үйден тапқанының бәрін, яғни ет, ірімшік және шөптерді үстіне қосқан.


Қысқа мерзім ішінде пицца қарапайым итальяндықтардың сүйікті тағамына айналып, XVII ғасырдың басында pizzaiolo атты мамандық та пайда болған. Рizzaiolo - пицца пісіретін адам. Кейін ауқатты адамдар да пиццаның дәмін татады.


Италия королінің әйелі Маргарита Савойская 1889 жылы қарапайым адамдардың тұрмысын бақылау үшін елді мекендерді аралайды және сол жердегі шаруаларға тамақ дайындауды өтінеді. Жергілікті аспаздар патшайымның кенеттен келгеніне таңғалып, оған тән тағамдарды, яғни теңіз өнімдерін, ет таба алмай, аяқ астынан қамыр илеп, үстіне ірімшік, қызанақ және ас шөптерін салып дайындайды. Қарапайым тағамның патшайымға ұнағаны соншалық, оның жеке аспаздары тағамның қалай пісірілетінін жазып, Маргаритаға жиі дайындап беруге уәде етеді.


Дәл осы пицца ханшайымның құрметіне «Маргарита» деп атала бастайды.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04