AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 7 облыста 3 745 жер үй су астында қалды

7 облыста 3 745 жер үй су астында қалды

Әлеумет 08.04.2024, 06:08 1,028
7 облыста 3 745 жер үй су астында қалды
Сурет: видеодан алынды

 7 облыста 3 745 жер үй су астында қалды. Бұл туралы ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш айтты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 





«Су тасқыны басталғалы бері 75 982 адам, оның ішінде 18 681 бала құтқарылды. Тартылған әуе кемелерінің көмегімен 2 811 адам, оның ішінде 865 бала құтқарылды. Уақытша орналасу пункттеріне 7 мынан астам адам, оның ішінде 2 794 бала орналастырылды. 69 971 жануар қауіпсіздік жерге айдалды. Зардап шеккен өңірлерге 126 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді. Бірлескен күштермен 7,7 млн астам текше метр еріген қар суы сорылды. 993 мың қапшық және 982 мың тонна инертті материал төселді. 1 739 тұрғын үй мен 1 743 аула аумағынан су бұрылды»,- деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.




Оның дерегінше, тәулік бойы авариялық-құтқару жұмыстарына 16 375 адам, 1 651 техника, 377 су сору және 81 жүзу құралы, 15 әуе кемесі жұмылдырылды.




«Осы сағатта Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында 3 745 жер үй, 421 аула аумағы су астында қалуда. Су шайған 105 автожол, оның ішінде 4 көпір мен 101 жол төсемі бақылауда тұр. Көлік қатынасынсыз қалған 65 елді мекен бақылауда. Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары республикалық штабтың бақылауында. «Жедел желі» телефонына 1 052 қоңырау түсті. Республикалық және жедел штабтар жұмыс істейді. Барлық күштер мен құралдар төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюға жұмылдырылды. Жағдай күрделенетін болса, шұғыл шаралар қабылданады», - деді Ерасыл Сайпаш.




Су басқан аймақты инспекциялау барысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Красная поляна аулының тұрғындарымен кездесті, онда 8 үй су астында қалды.

Жергілікті тұрғындармен әңгімелесу барысында бірінші вице-премьер зардап шеккендерге келтірілген барлық залал өтелетінін, материалдық шығынды мемлекет жабатынын мәлімдеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#су #қарғын #үй
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ана өлімі азайған

Бүгін 09:48

Алматы жастарына Нобель сыйлығының лауреаты Раэ Квон Чунг дәріс оқыды

Бүгін 09:12

Бүгін еліміз бойынша ауа райы қолайсыз

Бүгін 08:53

Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының мәдениет күндері аясында Астанада Ресей өнерпаздарының гала-концерті өтті

Кеше 22:37

Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кеше 22:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика