AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 6 жылумен жабдықтау нысаны қайта жаңартылады

6 жылумен жабдықтау нысаны қайта жаңартылады

Әлеумет 29.03.2024, 06:51 807
6 жылумен жабдықтау нысаны қайта жаңартылады
Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда 2024 жылы қала әкімінің тапсырмасы бойынша ТКШ саласына қосымша 29,9 млрд теңге бөлінеді.


Бұл туралы мәслихаттың Алматы бюджетін нақтылау жөніндегі кезекті XV сессиясында қалалық қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Оның айтуынша, Нижняя пятилетка, Құрылысшы және Өжет ш/а 25 мыңнан астам тұрғынын инженерлік инфрақұрылыммен, оның ішінде 115,5 км сумен жабдықтау желілерімен, 31,8 км су бұру желілерімен және 5 кәріз сорғы станцияларымен 1,2 млрд теңге бөлу қажет.



«Ағымдағы жылы 31 км иесіз қолданыстағы электр желілерін қайта жаңарту және 21 трансформаторлық қосалқы станция құрылысы аяқталады. Бұл Наурызбай ауданының 15 мыңға жуық тұрғынын үздіксіз электрмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жылу желілерінің тозуын азайту мақсатында қаланың Әуезов, Жетісу, Бостандық және Түрксіб аудандарында жалпы сомасы 3,7 млрд теңгеге 6 жылумен жабдықтау нысаны қайта жаңартылады», - деп атап өтті қаржы басқармасының басшысы.



Сондай-ақ, қала басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасын іске асыру аясында биыл Алатау ауданындағы «Рахат – Мәдениет» ш/а электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы басталады. Болашақта бұл Алатау ауданының 10 мың тұрғынын үздіксіз электрмен жабдықтаумен қамтамасыз етеді.



«Қаланы абаттандыруға 10,3 млрд теңге қарастырылған. Тоған бойында серуендеу жолы бар кең демалыс аймағы орналасқан «Терренкур» саябақ аймағының көлінің айналасындағы учаскені қайта құру жүргізіледі. Сондай - ақ Алмалы, Әуезов, Жетісу, Медеу және Наурызбай аудандарындағы аула аумақтарына ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізілетін болады», - деп атап өтті Қанат Сухамбеков.


 



 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #су #жабдық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада V Еуразия экономикалық форум басталды

Бүгін 19:58

Қазақстан мен Ресей басшыларына «Астана – Мәскеу» жүргізушісіз жүк көлігі автобағытының іске қосылуы көрсетілді

Бүгін 19:21

Қазақстан мен Ресей президенттеріне Амур жолбарыстарын жерсіндіру жобасы таныстырылды

Бүгін 19:15

Қазақстан мен Ресей президенттері Астанадағы «Сириус» мектебінің құрылысын бастап берді

Бүгін 19:06

Президенттер Қазақстан мен Ресейдің мәңгі достығы аллеясында емен көшетін екті

Бүгін 19:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);