Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 5571 әскери бөлімінде 600-ден астам жас сарбаз Әск...

5571 әскери бөлімінде 600-ден астам жас сарбаз Әскери ант қабылдад

Әлеумет 18.01.2026, 18:37 241
5571 әскери бөлімінде 600-ден астам жас сарбаз Әскери ант қабылдад
Ұлттық ұлан

Күні кеше Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5571 әскери бөлімінде маңызды әрі салтанатты шара өтті. Әскери бөлім қатарына жаңадан қосылған 600-ден астам жас сарбаз Отан алдындағы басты борышының белгісі – Әскери ант қабылдады. 

Салтанатты рәсімге әскери бөлімнің ардагерлері, Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша «Аналар жүрегі» сарбаздар аналары комитетінің өкілі Татьяна Тропина, алматылық жедел құраманың басшылығы, сондай-ақ сарбаздардың ата-аналары мен жақын туыстары қатысты. Іс-шара ашық деп жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні шырқалып, еліміздің көк байрағы салтанатты түрде көтерілді. Мемлекеттік туды көтеру құрметі оқу пунктінің үздік сарбазы, қатардағы Ермек Мұсахановқа берілді. 

Салтанатты жиында сөз сөйлеген 5571 әскери бөлімінің командирі, полковник Мақсат Баймағұлов жас сарбаздарды маңызды тарихи сәтпен құттықтап, олардың алдағы қызметіне сәттілік тіледі: – Бүгін әскери бөлімде ерекше әрі маңызды оқиға болып отыр. Жас сарбаздардың Әскери ант қабылдауы – біз үшін мәртебелі күндердің бірі. Осы сәт өмірлеріңізде мәңгі есте сақталатынына сенімдімін. Бүгіннен бастап сіздер Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының сарбаздары қатарына ресми түрде қосылдыңыздар. Енді ел тыныштығын сенімді қорғап, әскери борыштарыңызды адал атқарыңыздар. Ұлттық ұланның атын, оның бай әскери дәстүрін абыроймен жалғастыру – сіздердің басты міндеттеріңіз, – деді бригада командирі. 

Сондай-ақ мінберде 2-оқу ротасының сарбазы қатардағы Әлібек Ақмолдаевтың анасы Жанна Нағызбекқызы, бөлім ардагерлер кеңесінің төрағасы, запастағы майор Берік Алмағамбетов және «Аналар жүрегі» сарбаздар аналары комитетінің өкілі Татьяна Тропина сөз сөйлеп, жас жауынгерлерге ақ тілектерін арнады. Олар әскери қызметшілерге алғыстарын білдіріп, сарбаздардың ел қорғаны болу жолындағы жауапты қызметіне сенім білдірді. 

Сонымен қатар 1-оқу ротасының сарбазы қатардағы Әлинұр Әшірхан да сөз алып, қаруластарына жігер беріп, Отанға адал қызмет етуге шақырды. Осылайша, жас жауынгер курсынан өткен және Әскери ант қабылдаған сарбаздар бүгіннен бастап еліміздің заңдылығы мен қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен бір сапта қызмет ететін болады.

Естеріңізге сала кетейік, 5571 әскери бөлімінің жеке құрамы оңтүстік астананың қоғамдық-саяси, спорттық, мәдени іс-шараларына, сондай-ақ мегаполистегі қоғамдық тәртіпті сақтауға белсенді қатысады. Ант берген сарбаздар жақын арада Алматы көшелерінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындауға кіріседі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ант
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ӘЛЕМДІК АРЕНАДАҒЫ ЖЕҢІС: ҰЛАНДЫҚ ЖАУЫНГЕРЛЕР ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін 21:47

Алматыда Робо-DJ мен Робо-бишілердің қатысуымен референдумды қолдауға бағытталған ауқымды концерт өтті

Бүгін 21:40

Солтанай Жәнібек: «15 наурыздағы референдум – азаматтық ұстанымым»

Бүгін 21:34

Шахислам Лайсханов: Ғылым мен бейбітшілік – қоғамның басты құндылығы

Бүгін 21:25

«Бірлігіміз – ең үлкен күшіміз»: Нияз Құрманғазы жастарға үндеу жасады

Бүгін 21:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі