AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 5 мың отбасына атаулы әлеуметтік көмек автоматты т...

5 мың отбасына атаулы әлеуметтік көмек автоматты түрде тағайындалды

Әлеумет 17.04.2024, 11:40 1,208
5 мың отбасына атаулы әлеуметтік көмек автоматты түрде тағайындалды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қостанай облысына жұмыс сапары барысында Ш. Қабылбаев атындағы ҚР ІІМ Қостанай Академиясының ғимаратында ұйымдастырылған эвакуациялық пунктке барды. Сондай-ақ, ол «Сосновый бор» шипажайында орналасқан су тасқынынан зардап шеккендердің тыныс тіршілігімен танысты.


Светлана Жақыпова жұмыс сапарын ҚР ІІМ Қостанай академиясындағы эвакуациялық пунктке барудан бастады. Мұнда 31 адам уақытша орналастырылған. Су тасқынынан зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетілуде, күніне үш рет тамақтандырылады, сондай-ақ адамдар бірінші кезекте қажетті құралдармен қамтамасыз етілген.


Бұдан кейін ЕХӘҚМ басшысы Алтынсарин ауданындағы «Сосновый бор» шипажайына барды, онда мүгедектігі бар адамдар, зейнеткерлер және толық емес отбасыларды қоса алғанда, су тасқынынан зардап шеккен 23 адам орналастырылған.



«Еліміздегі қазіргі жағдай күрделі болып отыр. Осыған орай мемлекет табиғи су апатына қарсы күрес бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда, сондай-ақ зардап шеккендерге түрлі қолдау шараларын көрсетуде. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ТЖ режимі жарияланған қалалар мен аудандарда 5 мың отбасына мемлекеттік органдарға жүгінбей атаулы әлеуметтік көмекті автоматты түрде тағайындауды жүзеге асырды. Сондай-ақ, ТЖ режимінің қолданылу кезеңінде балаларды қоса алғанда, 4 мыңға жуық адам үшін мүгедектікті қайта куәландыру мерзімдері автоматты түрде ұзартылды. Мүгедектігі бойынша жәрдемақы төлеу бұрын белгіленген топ бойынша жүзеге асырылады. Кәсіподақтар федерациясымен бірлесіп республиканың 7 санаторийінде су тасқынынан зардап шеккен әлеуметтік осал санаттарға жататын азаматтарға уақытша болу және сауықтыру мүмкіндігі берілді», – деді Светлана Жақыпова.



Қостанай облысы әкімдігінің мәліметінше, су тасқыны кезінде өңірде 9 114 адам құтқарылып, эвакуацияланды, уақытша орналастыру пункттерінде 181 адам қоныстанған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қостанай #халық #көмек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);