AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 5 елдің көлік министрлері Астана коммюникесіне қол...

5 елдің көлік министрлері Астана коммюникесіне қол қойды

Әлеумет 09.08.2024, 14:59 864 dulatbekova
5 елдің көлік министрлері Астана коммюникесіне қол қойды
Сурет: Gov.kz

Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI-консультативтік кездесуін өткізу қарсаңында, 2024 жылғы 8 тамызда Астана қаласында Орталық Азия елдерінің көлік министрлерінің екінші кездесуі өтті. Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан Көлік министрлері қатысты.

Кездесу барысында Министрлер транзиттік дәліздер, теміржол және автомобиль тасымалдары, сондай-ақ әуе көлігі салаларындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Автомобиль және темір жолдарды салуға, халықаралық әуе қатынасы желісін кеңейтуге бағытталған өзара байланысты дамыту бойынша елдер жүргізіп жатқан саясат ерекше атап өтілді. Іс-шара қорытындысы бойынша тараптардың ынтымақтастықты одан әрі нығайту ниетін бекітетін Астана коммюникесіне қол қойылды.

Бұдан басқа, министрлер инвестициялар тарту, инфрақұрылымды дамыту және көлік-логистикалық орталықтардың қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру үшін қолайлы орта құру шеңберінде елдердің өзара іс-қимылына бағытталған Меморандумға қол қойды.

Бұл Меморандум 2023 жылы Душанбе қаласында қол қойылған Орталық Азиядағы жер үсті көлігінің өзара байланысын нығайту туралы көпжақты келісімнің қисынды жалғасы.

Делегация Астана қаласындағы Электровоз құрастыру зауытына барды. Кәсіпорын отандық локомотив құрылысының өндірістік мүмкіндіктерін көрсетті. Сондай-ақ, қонақтар көлік министрлігі ұйымдастырған Жолшылар күніне арналған салтанатты жиналысқа қатысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Астана коммюникесі #көлік министрлері #Меморандум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37

Алматы тұрғындары құрамында сынабы бар 480-ден астам шам мен құрылғыларды қайта өңдеуге тапсырды

Бүгін 15:51

«Ұлттық ұлан – патриотизм мен батылдық мектебі»: 5571 әскери бөлімінде ашық есік күні өтті

Бүгін 14:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);