конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / 47 жастағы әйелдің құрсақ қуысынан салмағы 6 келід...

47 жастағы әйелдің құрсақ қуысынан салмағы 6 келіден асатын ісік алынды

Медицина 29.04.2026, 09:16 431
47 жастағы әйелдің құрсақ қуысынан салмағы 6 келіден асатын ісік алынды

Абай облысының дәрігерлері әйел адамның ішінен 6 келіден асатын ісікті алып тастады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Абай облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, өңір хирургтары бірегей оқиғаны бастан өткерді: 47 жастағы әйелдің құрсақ қуысынан салмағы 6 келі 200 грамм болатын алып ісік табылды.

Бір қызығы, науқасты бұған дейін ешқандай ауырсыну немесе мазасыздық белгілері мазаламаған. Ол өзінің бойындағы қатерлі дерт туралы тек пневмониямен ауырып, ауруханаға қаралған кезде ғана білген. Тексеріс барысында дәрігерлер оны қосымша тексеруге жіберіп, іштегі алып түзілісті анықтаған.

Ауруханаға түскен кезде науқастың іші айтарлықтай үлкейіп, тәбеті төмендегені байқалған.

Ота екі кезеңнен тұрды. Алдымен дәрігерлер науқастың құрсақ қуысынан 7 литр сұйықтықты шығарды. Содан кейін хирургтар командасы бірнеше сағатқа созылған күрделі ота жасап, диаметрі 31 сантиметр, салмағы 6200 грамм болатын ісікті сәтті алып тастады.

«Науқасқа сол жақ аналық бездің муцинозды шекаралық ісігі деген диагноз қойылды. Бұл – ұзақ уақыт бойы ешқандай белгісіз дами беретін эпителийлі ісік түрі», – деп түсіндірді мамандар.



Қазіргі таңда пациент дәрігерлердің жіті бақылауында. Мамандардың айтуынша, оның өміріне төніп тұрған қауіп жоқ, жағдайы тұрақты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#хирургтер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық паркте орманды тәулік бойы бақылайтын жүйе іске қосылды

Бүгін 15:27

Өрттің 90%-на адамның өзі себеп болады - «Қазавиаорманқорғау»

Бүгін 15:11

Донат пен хайп үшін шектен шыққан 9 стример жазаланды

Бүгін 14:56

Алматыда Recycle Бірге акциясы аясында 430 сынапты шам жиналды

Бүгін 14:47

Елорданың Орталық саябағында тәртіп пен тазалықты сақтау бойынша кезекті рейд өтті

Бүгін 14:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);