Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 41 градус ыстық, найзағай, бұршақ

41 градус ыстық, найзағай, бұршақ

Әлеумет 16.06.2024, 10:01 535
41 градус ыстық, найзағай, бұршақ
Сурет: Almaty-akshamy.kz

14 өңірге ауа райына байланысты ескерту жасалды

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 16 маусымдағы ауа райы мәліметін ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық сақталады, облыстың оңтүстігінде 41 градус өте қатты ыстық күтіледі.

Қостанай облысының солтүстік жартысында найзағай күтіледі.

Астанада күндіз найзағай, бұршақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Күндіз найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа, солтүстікке ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың шығысында бұршақ күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-40 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың жағалауында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының солтүстігінде жоғары өрт қаупі, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 40-41 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында, найзағайда екпіні 15-20 м/с.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ыстық #Дауыл #бұршақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Паралимпиада қатысушылары Алматыдағы матчтің құрметті меймандары болды

Бүгін 21:54

Алматының коммуналдық қызметтері «Қайрат – Астана» матчінде тазалықты қамтамасыз етті

Бүгін 21:22

Алматыда «Қайрат» – «Астана» матчінен кейін жанкүйерлер еріктілермен бірге стадионды тазалады

Бүгін 21:05

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Бүгін 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика