AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 2GIS-те қазақша сөйледі

2GIS-те қазақша сөйледі

Әлеумет 22.06.2023, 12:50 1,419 Almaty-akshamy.kz. 
2GIS-те қазақша сөйледі
Сурет: ашық дереккөз

Дауысты 2GIS мобильді қосымшасында навигатор баптауларына өтіп таңдауға болады. 


2GIS бағытты қазақшаға дауыстайтын функция қосты. Оны мобильді қосымшаның баптауынан қосуға болады. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Dropbox.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.  
2GIS биыл сәуір айында геосервистер арасында бірінші болып қазақ тіліне аударылған картаны және ұйымдарды іздеуді іске қосты. Енді қосымшаға қазақша дауыстар қосылды.



«2GIS-тің алғашқы қазақ дауыстары кәсіби алматылық дикторлар Бибігүл Керімова мен Ерланби Даулетияр болды. Олар ең келісті интонациялар мен тіпті әдеттегіден «жанды» сөйлеу стиліндегі фразалар нұсқасын ұсынды.  Әдеттегідей, біздің навигаторымыздың сөздері әдемі, қысқа да нұсқа, тым кітап тіліндей емес, табиғи қазақ тіліне жақынырақ болғанын қалаймыз», — деді 2GIS продюсері және редакторы Роман Жайворон. 



Оның айтуынша, қазақша дауыстық бағыттауды кез келген маршрут кезіндеқосуға болады. Дауысты 2GIS мобильді қосымшасында навигатор баптауларын басып таңдауға болады. 
Айта кетейік, сәуір айынан бастап 2GIS-те қазақ тіліне аударылған карталар және ұйымдарды іздеуге болады. Енді сервисте дүкендерді, дәріханаларды, қоғамдық тамақтану орындарын, мәдени мекемелерді, көрікті жерлерді және басқа да орындарды қазақша іздеуге болады. 
Бұл ретте қосымшада таңдалған тіл мен навигатордың даусы бір-біріне тәуелді емес. Мысалы, қосымшада жалпы орыс тілі таңдалса да, дауыстық кеңестерді қазақ тілінде қосуға болады.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#2GIS #қосымша #мобилді
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Бүгін 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Бүгін 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Бүгін 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Бүгін 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);