конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 297 мыңнан астам қазақстандық Skills Enbek платфор...

297 мыңнан астам қазақстандық Skills Enbek платформасында оқытылды

Әлеумет 11.09.2025, 15:48 777 Bakyt
297 мыңнан астам қазақстандық Skills Enbek платформасында оқытылды
gov.kz

2025 жылдың басынан бері 297,4 мың қазақстандық Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында онлайн-курстардан өтіп, сертификат алды. Оның ішінде 47,5 мыңға жуық азамат жұмыссыздар қатарынан. Бүгінде платформада барлығы 827,6 мың адам тіркелген, олардың 328,9 мыңы биыл қосылған. Жоба іске қосылған уақыттан бері 708,3 мың адам оқудан өтті.

Жұмыссыздардың ішінде 13,3 мыңға жуығы Түркістан, Қызылорда облыстарынан, Алматы және Шымкент қалаларынан. Платформада түрлі бағыт бойынша 1 000-нан астам курс жарияланған, оның 340-ы тегін. Сондай-ақ Courstore, Fluent Education және Яндекс Қазақстан серіктестері дайындаған курстар қолжетімді. Оқыту ұзақтығы 1-ден 72 сағатқа дейін.

Тамыз айында ең сұранысқа ие болған курстар қатарында «Сенің мансаптық бастамаң: Электрондық еңбек биржасын пайдалану жолдары», «Управление персоналом», «Кассир», «Страховой агент», «Пішу және тігу» сияқты бағдарламалар бар. Әлеуметтік қызмет көрсету және басқа да салалардағы тегін курстар саны артып келеді.

Платформа «өмір бойы оқыту» тұжырымдамасын ілгерілетуге бағытталған. Білім алушылар оқудың қарқыны мен тілін өздері таңдап, оқу барысын бақылап, курс авторларымен байланыса алады. Оқу соңында тест тапсырылады, оны 70 пайыздан жоғары нәтижемен аяқтағандар дағдыларды игеру туралы сертификат алады. Сертификат автоматты түрде Enbek.kz түйіндемесіне енгізіледі және жұмыс берушілерге көрініп тұрады.

Курстарды орналастыру авторлар үшін тегін. Олар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылады және мәтін, бейне, аудио, инфографика сияқты түрлі форматтарды қамтиды. Арнайы қажеттіліктері бар азаматтар үшін интерфейс бейімделген. Авторларға сабақ құрастыру құралы, статистика, сертификат үлгілері және онлайн-калькулятор қолжетімді.

2023 жылдың желтоқсанынан бастап курстарды Enbek мобильді қосымшасы арқылы да өтуге болады. Қосымша Google Play және App Store дүкендерінен жүктеледі. Платформаға тіркелу немесе жұмыс істеу бойынша сұрақтарға «ЕРДО» АҚ жауап береді: 8 (7172) 95 43 17 (ішкі 877, 888).

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жоба #Enbek #жұмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қарулы күштердің әскери бөлімдері оқу-жаттығуларын өткізеді

Бүгін 09:06

Бүгін елдің бірнеше өңірінде ауа райы қолайсыз

Бүгін 08:41

Алматыда Жуалы көшесінің бір бөлігінде уақытша көлік қозғалысы шектеледі

Кеше 16:00

Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды

Кеше 15:52

Алматыда «БЕС АСЫЛ» республикалық ұлттық өнер байқауы өтті

Кеше 15:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);