Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / 28 шілдеге арналған ауа райы болжамы

28 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Өмір-өзен 28.07.2022, 02:00 1,903
28 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Сурет: Ашық дереккөзі

Найзағай, бұршақ – синоптиктер 15 өңірде ескерту жариялады 


«Қазгидромет» РМК 28 шілдеде ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 


Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында кей уақыттарда найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз желдің екпіні 15 м/с жетеді. Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде жел соғып, күші 15-20 м/с жетеді. Өңірдің басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 


Таңертең және күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз өңірдің оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с артады. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық, облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. 


Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ болжанады. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с құрайды. 


Күндіз Қызылорда облысының орталығында жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с артады. Өңірдің басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 


Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында – найзағай, күндіз шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Өңірдің орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. 


Күндіз Ақмола облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Өңірдің солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл болжанады. Солтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 


Күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр болады. Түнде – найзағай, күндіз шаңды дауыл күтіледі. Желдің күші 15-20 м/с құрайды. 


Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с артады.


Күндіз Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл болжанады. Желдің жалдымдағы 25 м/с жетуі ықтимал. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 


Күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с артады. Kүндіз 35 градус қатты ыстық болады. Атырау облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде найзағай күтіледі. 


Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус ыстық болады. 


Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Өңірдің оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл болжанады. Желдің екпіні 23 м/с артуы ықтимал. 


28-29 шілдеде Жамбыл облысының таулы аудандарында, 30 шілдеде оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарда найзағай күтіледі. 28-30 шілдеде солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетеді. Күндіз 28 шілдеде облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде 38 градус қатты ыстық сақталады. 28-30 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы #Қазгидромед #найзағай #жел
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Медеу ауданында кәсіби бағдар беру акциясы жалғасып жатыр

Бүгін 22:20

3 мыңнан астам өтінім: Алматыда JAS GALA ауқымды студенттік шығармашылық фестивалі басталды

Бүгін 18:27

«Amanat» қолдауы нақты нәтижеге жеткізді: алматылық отбасының өмірі қалпына келтірілді

Бүгін 17:55

Тоқаев Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті бокстан Азия чемпионы атануымен құттықтады

Бүгін 17:38

Қазақстан Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Бакуге сапармен барды

Бүгін 17:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика