Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 28 қазан - халықаралық анимация күні: Биыл қазақст...

28 қазан - халықаралық анимация күні: Биыл қазақстандық анимацияға 55 жыл толды

Әлеумет 28.10.2022, 16:24 1,632
28 қазан - халықаралық анимация күні: Биыл қазақстандық анимацияға 55 жыл толды
Сурет: Almaty.tv

Салтанатты шара Әмен Қайдардың мемориалына гүл шоқтарын қоюдан басталды


28 қазанда халықаралық анимация күні атап өтіледі. Биыл қазақстандық анимацияға 55 жыл толды. Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігінің (ШБ) ресми ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


1967 жылы қазақ мультипликациясының тарихы қоюшы-режиссері Әмен Қайдардың «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» атты тұңғыш фильмінен бастау алды. Мерейтойлық датаға орай салтанатты шараға отандық анимация ардагерлері шақырылды. Олардың қатарында Тамара Мұқанова, Эрнст Бийсеитов, Гүлмира Садықова, Галина Дусенко, Абай Тоқшабаев, қазақ киносының аңызы Асанәлі Әшімов және қазақ анимациясының дамуына елеулі үлес қосқан басқа да көптеген отандық мәдениет қайраткерлері бар.


Салтанатты шара Әмен Қайдардың мемориалына гүл шоқтарын қоюдан басталды.



«Бірінші кезекте, баршаңызды осындай маңызды күнмен, атап айтқанда, қазақ анимациясының 55 жылдығымен шын жүректен құттықтағым келеді. Бұл мерекелік мерейтой біздің ортақ ісімізге қажымай, баға жетпес үлес қосқан, қазақ анимациясының ардагерлері мен ізбасарларына шексіз алғысымызды білдіргіміз келеді. Олар ондаған жылдар бойы тынымсыз еңбек етіп, тәуелсіз Қазақстанда анимациялық саланың қайта жандануын армандады», - деді «Қазақанимация» ШБ басшысы Жәнібек Оразалы құттықтау сөзінде.



«Қазақанимация» шығармашылық бірлестігінің жұмысы басталғалы үш ай ішінде анимация саласындағы әлемнің жетекші мамандарынан шеберлік сыныптары өткізілді. Олардың қатарында Ресей Федерациясының, Францияның және басқа да көптеген елдердің жетекші мамандары Константин Бронзит, Михаил Петрищев, Мария Корнилова, Эдвард Курчевский, Алексей Андреев, сондай-ақ жас қазақстандық мамандар Әділбек Баян, Иван Ардашов және Маржан Жүнісбек бар. Оқу бағдарламасы барысында студенттер мен жоба қатысушылары шетелдік және қазақстандық мамандардың дәрістері мен практикалық сабақтарына қатысып, кәсіби тәжірибелерін шындады.


Бүгінгі таңда «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі конкурстық негізде республиканың ірі қалаларынан мәлімделген 167 сценарий ішінен үздік 20-сын таңдап алды. 5 минуттық анимациялық картиналардан тұратын 20 пилоттық жобаны желтоқсан айының соңына дейін аяқтау жоспарда тұр. Осы бастамалар арқасында анимация саласындағы жас таланттарды жұмыспен қамтамасыз ету мүмкіндігі пайда болды.


«Қазақанимация» шығармашылық бірлестігінің ресми ашылуында «Жанұя» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне «Мұзбалақ» анимациялық мультфильмі көрсетілді.



«Біз мультфильмдерді әдетте теледидардан және ютубтан көреміз. Мысалы, Маша мен аю, Фиксиктер тағы басқалар. Бірақ маған қазақ мультфильмдері өте ұнайды. Бүгін мен «Мұзбалакты» алғаш көрдімүлкен әсер алдым. Басқа да «Батырлар жыры», «Алдар Көсе» сияқты қазақ мультфильмдерін сүйіп тамашалаймын» - деп бөлісті Дина Болғынбаева.



Сонымен қатар, шара барысында қазақ анимациясының дамуына қосқан үлесі үшін ардагерлер мен мультипликаторлардың қазіргі буыны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің арнайы алғыс хаттарымен марапатталды.


55 жыл ішінде екі жүзге жуық мультфильм түсіріліп, отыздан аса анимациялық студиялар өмірге келді.  2018 жылы анимациялық киностудиялар қауымдастығы құрылып, өз кезегінде бұл қауымдастық рухани-мәдени маңызы бар көптеген іс шаралар атқарып жатыр. Соның ішінде жыл сайын ұйымдастырылатын Халықаралық Amen animation film festival айрықша атап өтуге болады. Алдағы жылы Қазақ анимациялық кино өнерінің атасы Әмен Қайдардың туғанына бір ғасыр яғни 100 жыл толмақ. Соның айғағындай осынау ғасырлық мерейтой қарсаңында «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігінде Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының тапсырысымен «Әмен ағаның бәйтерегі» атты қысқаметражды мультфильм түсірілу үстінде.


«Айта кетейік, «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігінің кезекті бастамасы шетелдік компанияларда тағылымдамадан өту мүмкіндігі. Қараша айының басында отандық анимация саласындағы мамандар біліктілігін арттыру үшін Түркия, Франция, Польша және Испанияның белді шетелдік студияларына барады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Анимация күні #өнер #55 жыл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда мамыр айының басынан бастап субұрқақтарды кезең-кезеңімен қосылады

Бүгін 14:16

Алматыда жүзге келген ардагерді құттықтап қайтты

Бүгін 14:13

Құтыруға қарсы вакцина – өмірді сақтап қалудың жалғыз мүмкіндігі

Бүгін 14:05

Тоқаев Мұхтар Шахановтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Бүгін 12:21

Мегаполистерде валюта бағамы қандай?

Бүгін 12:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика