AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Сайлау 2026 / №269 сайлау учаскесінде тұрғындардың дауыс беру бе...

№269 сайлау учаскесінде тұрғындардың дауыс беру белсенділігі жоғары

Сайлау 2026 Бүгін 14:29 26
№269 сайлау учаскесінде тұрғындардың дауыс беру белсенділігі жоғары

Алматы қаласының Бостандық ауданындағы №138 гимназия ғимаратында орналасқан №269 сайлау учаскесінде тұрғындар белсенді түрде дауыс беріп жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Учаске төрағасы Медет Иманбекұлының айтуынша, мұнда 2300-ден астам сайлаушы тіркелген. Таңертеңнен бері тұрғындар сайлау учаскесіне үздіксіз келіп, өз таңдауларын жасауда.

«Алматылықтардың дауыс беру белсенділігі жоғары. Таңертеңнен бері сайлаушылар легі толастаған жоқ. Тұрғындар сайлау учаскесіне отбасымен, жақындарымен бірге келіп, азаматтық ұстанымдарын білдіріп жатыр. Біз де сайлаушыларға қолайлы жағдай жасауға тырыстық. Олардың белсенділігін ынталандыру мақсатында шағын сыйлықтар дайындадық. Әсіресе, биыл 18 жасқа толып, алғаш рет дауыс беріп отырған жастарға ерекше көңіл бөлдік. Себебі алғашқы дауыс – әр азаматтың өміріндегі маңызды сәттердің бірі. Жастардың ел өміріндегі маңызды саяси науқанға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауы қуантады. Біздің басты міндетіміз – әрбір сайлаушының өз таңдауын еркін әрі қолайлы жағдайда жасауына мүмкіндік беру», – дейді Медет Иманбекұлы.

Айта кетейік, сайлау учаскесі барлық қажетті талаптарға сай жабдықталған. Санитарлық талаптар сақталып, аумағы мерекелік безендірілген. Учаске алдында өнерпаздар жанды дауыста ән шырқап, тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлауда. Мұндай мерекелік атмосфера сайлаушыларға ерекше әсер беріп, саяси науқанның тартымды өтуіне ықпал етуде.

Еске салайық, бүгін елімізде Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауы өтіп жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сайлау учаскесі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Желтоқсан – Алматы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс берді

Бүгін 14:40

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәслихаттар депутаттары сайлауында дауыс берді  

Бүгін 14:25

Қазақстан Республикасы мәслихаттарының  депутаттары сайлауында сайлаушылардың дауыс беруі туралы сағат 14:00-дегі жағдай бойынша ақпарат

Бүгін 14:21

«Дауысым ел болашағы үшін маңызды»: алматылық сайлауға қатысу себебін айтты

Бүгін 14:18

Өнер ұрпақты біріктіреді: «Асыл аналар» Алматы сайлаушыларына мерекелік көңіл күй сыйлады

Бүгін 14:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);