Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / 26 мамырға арналған ауа райы болжамы

26 мамырға арналған ауа райы болжамы

Өмір-өзен 26.05.2022, 02:03 1,669
26 мамырға арналған ауа райы болжамы
Cурет: Ашық дереккөз

Синоптиктер 13 өңірде ескерту жариялады


«Қазгидромет» РМК 26 мамырда ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында күннің екінші жартысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с артады.


Күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай, дауыл болады. Облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл соғады. Күндіз желдің күші 25 м/с жетеді.


Күндіз Шымкент қаласында оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с артады.
Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында төтенше өрт қаупі сақталады.


Күндіз Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, шаңды дауыл болжанады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз 23 м/с жетуі ықтимал.


Қызылорда облысының орталығында жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с құрайды. Өңірдің орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.


Ақтөбе облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде өңірдің батысында, солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с артады.


Күндіз Қостанай облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Өңірдің орталығында және солтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстік жартысында – найзағай, бұршақ, дауыл, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл болжанады. Желдің күші 23-28 м/с жетуі мүмкін.


Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысы мен солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.


Күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде желдің күші 15-20 м/с жетеді. Күндіз 36 градус қатты ыстық болуы ықтимал.


Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстік-батысында найзағай, дауыл, бұршақ, шаңды дауыл күтіледі. Желдің жылдамдығы 25 м/с артады.


Маңғыстау облысында найзағай, тұман болжанады.


Күндіз Жамбыл облысының солтүстігінде 38 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауа райы #Қазгидромед #Жаңбыр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы жастары мен шетелдік діни білім: қауіп-қатер және алдын алу шаралары

Бүгін 17:15

Елімізде жаңа жедел нөмір іске қосылды

Бүгін 17:11

Әйелдер  мерекесінің тарихы

Бүгін 17:02

Радикалды діни ағымдардың ықпалына қалай түспеуге болады?

Бүгін 16:55

Алматы жастары дінді цифрлық кеңістікте меңгеріп жатыр

Бүгін 16:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі