AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / 24 немере, 9 шөбере және ұстаздар әулеті: Алматыда...

24 немере, 9 шөбере және ұстаздар әулеті: Алматыда мерейлі отбасы таңдалды

Барлығы 15.07.2025, 16:06 884 Сұлу
24 немере, 9 шөбере және ұстаздар әулеті: Алматыда мерейлі отбасы таңдалды
Aqshamnews.kz

Алматы қаласында «Мерейлі отбасы – 2025» Ұлттық конкурсы жыл сайынғы дәстүр бойынша Халықаралық отбасы күніне орай 15 мамырда басталды.

Ағымдағы жылғы 15 мамыр мен 15 маусым аралығында аудан әкімдіктерінде Ұлттық конкурсқа қатысу туралы өтінімдер қабылданып,
қала бойынша 250 отбасы қатысуға ниет білдірді.

15 маусым мен 30 маусым аралығында аудандық комиссия құрамы өтінімдерді қарап, 2 үздік шыққан отбасыны қалалық комиссияның қарауына жолдады.

Ұлттық конкурсқа қатысу туралы өтінім берген отбасылардың ішінен аудандық деңгейде үздік деп танылған 16 (әр ауданнан 2 отбасы) отбасының құжаттары а.ж. 1 шілдеде қалалық комиссия отырысында қаралды.

15 шілдеде Алматыда «Мирас» салтанат сарайында Ұлттық конкурстың қалалық кезеңінің  қорытындысы бойынша 8 аудан мен Алматы қаласының жеңімпаз отбасыларын естелік сыйлықтармен марапаттау салтанатты рәсімі өтті.

Ұлттық конкурстың Алматы қаласы бойынша жеңімпазы – Дүйсебаевтар отбасы деп танылды. Дүйсебаевтар отбасы – ұстаздар отбасы. Ұлбосын Дүйсебаева 40 жыл ұстаз болған көп балалы ана, ақжаулықты әже. Жұбайы марқұм Дүйсебаев Әбдікамал да ұлағатты ұстаз, ақын болған, 4 кітабы жарық көрген. Дүйсебаев Әбдікамалдың 5 бауыры, Дүйсебаева Ұлбосынның 4 бауыры, әке-шешелері де ұстаз болған. Ұлбосын апаның әкесі Әбен Шерімбетов Мақтарал ауданындағы Қ.Сәтпаев атындағы орта мектептің тұңғыш директоры болған. Дүйсебаевтар отбасы 9 бала, 25 немере, 9 шөбере сүйіп отырған көп балалы әулиет. Қазіргі таңда Ұлбосын апаның 9 баласы да ұстаздық жолында еңбек етіп етуде, 3 немересі де атадан қалған жолды жалғастырып келеді. Әулеттің педагогикалық еңбек өтілі 501 жыл.

Қыркүйекте Отбасы күні қарсаңында Астана қаласында Ұлттық конкурс лауреаттарын дипломдармен марапаттаудың Республикалық салтанатты рәсімі өтеді. Бұл рәсімге Алматы қаласынан Дүйсебаевтар отбасы қатысады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мерейлі отбасы #отбасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай гастрономиялық жәрмеңке ұйымдастырылды

Бүгін 18:18

Эндокринолог денсаулыққа зиян тіскебасар түрін атады

Бүгін 17:27

Мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Бүгін 16:25

Қонақжайлықтың жарқын көрінісі: Алматы әуежайында Бірлік күніне арналған акция өтті

Бүгін 15:03

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Бүгін 14:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика