24 мамырға арналған ауа райы мәліметі

  • 08:02, 24 мамыр 2024
24 мамырға арналған ауа райы мәліметі almaty-akshamy.kz

Бүгінгі ауа райы тұрақсыз.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады - найзағай ойнап, жаңбыр жауып, екпінді жел соғады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"Солтүстікте - қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), солтүстік-батыста, оңтүстікте - қатты жаңбыр, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, шығысында бұршақ жаууы мүмкін. Республикада, оңтүстік-батыста екпінді жел күтіледі, шығыста, солтүстікте, орталықта тұман түседі", - делінген хабарламада.

Болжам бойынша Солтүстік Қазақстанның солтүстігінде, Ақтөбе, Қостанай облыстарының солтүстік-батысында түнде -1-3°С аяз күтіледі.

Синоптиктер сондай-ақ Қостанайдың оңтүстігінде, Атыраудың солтүстік-батысында, Қызылорданың шығысында, батысында, Батыс Қазақстанның оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, шығысының оңтүстік-шығысында, Қазақстан, Абай облыстарының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. 

"Абай облысының оңтүстігінде, Түркістан облыстарының шөлді аймақтарында, Жетісу облысының шығысында өте жоғары өрт қаупі бар", - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21

15:17

14:16

13:23