Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / 2100 жылға қарай барлық дерлік елде бала туу көрсе...

2100 жылға қарай барлық дерлік елде бала туу көрсеткіші төмендейді

Әлем 25.03.2024, 10:11 1,237
2100 жылға қарай барлық дерлік елде бала туу көрсеткіші төмендейді
Сурет: Islam.kz

Тек алты мемлекетте ғана туу көрсеткіші өсетін болады. 


Халықаралық ғалымдар тобы осы ғасырдың ортасы мен аяғына қарай бала туу көреткішінің жаһандық болжамын жасай келе әлемнің барлық дерлік елінде туу деңгейі көбею көрсеткішінен төмендейді, деген қорытындыға келді.Бұл жайында islam.kz порталы The Lancet мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Соңғы 70 жылда әлемдегі туудың жалпы коэффициенті (ТК) – бір әйелге шаққанда өмірінде тапқан балалардың орташа саны – 1950 жылы бір әйелге шамамен бес баладан 2021 жылы 2,2 балаға дейін екі еседен аса қысқарған. Сонымен қатар, 2021 жылғы жағдай бойынша елдердің жартысынан көбінде (204 елдің 110-да) TК 2,1-ден төмен болды. Бір әйелге шаққандағы бала саны ұзақ уақыт бойы бұл көрсеткіштен төмен түссе, қоғамдағы адам саны азая бастайды. Африка құрлығындағы елдерде ғана, дәлірегі, Сахара шөлінен оңтүстікке қарай ТК жоғары деңгейде қалып отыр: әлемдік орташа деңгеймен салыстырғанда екі есе жоғары. Нақтырақ айтқанда, африкалық бір әйел орташа есеппен төрт баланы дүниеге әкеледі. Ал Сад республикасында бала туу көрсеткіші өзге елдермен салыстырғанда жеті есе жоғары. Ғалымдардың болжамы бойынша 2050 жылға қарай 204 елдің 155-і (76 пайыз) өсу деңгейінен төмен түседі. 2100 жылға қарай бұл көрсеткіш тағы артады – 204 елдің 198-іне жетеді (97 пайыз). Сахараның оңтүстігіндегі Африканың халқы, керісінше, табиғи түрде өсе береді. Егер 2021 жылы әлемдегі барлық баланың 29 пайызы Сахараның оңтүстік аймағында дүниеге келсе, 2100 жылға қарай осы өңірдегі туу көрсеткіші жер шарындағы барлық баланың 54 пайызына жетеді. Жаһандық туу көрсеткіші 2050 жылға қарай шамамен 1,8 және 2100 жылға таман 1,6 туу коэффициенті деңгейіне жетеді, бұл көрсеткіш өсу деңгейінен әлдеқайда төмен. 2100 жылға қарай 204 елдің тек алтауында ғана (Самоа, Сомали, Тонга, Нигер, Чад және Тәжікстан) бір әйелге шаққанда 2,1 баладан жоғары болмақ. 13 елде, соның ішінде Бутан, Бангладеш, Непал және Сауд Арабиясында бұл көрсеткіштер бір әйелге шаққанда бір баладан төмен түседі. Батыс Еуропадағы туу коэффициенті 2050 жылға қарай - 1,44, ал 2100 жылға таман 1,37-ге дейін төмендейді. Бұл өңірдегі бала туудың ең жоғары өсімі Израилде, Исландияда, Данияда, Францияда және Германияда орын алады - 2050 жылы - 2,09 және ғасырдың соңында - 1,4. Болашақтағы мұндай демографиялық ахуал өз кезегінде әлемдік экономика мен халықаралық күштер арақтынасын өзгертеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Бала туу #көрсеткіш #Әлем
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика