21 тамызда мұғалімдердің біліктілік тестілеуі басталады

21 тамызда мұғалімдердің біліктілік тестілеуі басталады Сурет: ашық дереккөз

 15-20 тамыз аралығында app.testcenter.kz сайтында педагогтердің білімін бағалауға өтініш қабылданады. Тестілеудің өзі 21-28 тамыз аралығында өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



Бұл тестілеуге кімдер қатыса алады:


- мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтері;


- білім беру ұйымдарының әдіскерлері (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерінен басқа);


- жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтері;


- қосымша білім беру ұйымдарының (интернаттық ұйымдардың, жатақханалардың тәрбиешілері, арнайы ұйымдардың тәрбиешілері үшін) педагогтері;


- білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары;


- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының ( жалпы білім беретін пәндер бойынша, сондай-ақ жалпы кәсіптік және арнайы, жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер бойынша) педагогтері;


- педагогикалық бағыттар бойынша жоо және колледж бітіруші түлектер (бакалавриат-күндізгі, бакалавриат-қысқартылған, магистратура);


- педагогикалық (мамандықтар) бағыттар бойынша техникалық және кәсіптік, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, тәжірибесі жоқ кандидаттар (оның ішінде 2022 жылғы түлектер);


- педагогикалық қызметті қайта жалғастырғысы келетін тұлғалар.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:26

16:49

16:23

15:56

15:09

14:40

14:17

13:18

12:44

12:08

11:44

11:12

10:40

10:00

00:14

23:33

23:15

19:28

18:05

17:32

16:55

16:23

15:48

15:14

14:47