AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 21 қаңтарға дейін Қазақстаннан ірі қара, қой және...

21 қаңтарға дейін Қазақстаннан ірі қара, қой және ешкі шығаруға тыйым салынды

Әлеумет 22.11.2022, 08:23 1,091
21 қаңтарға дейін Қазақстаннан ірі қара, қой және ешкі шығаруға тыйым салынды
Сурет: Krasivosti.pro

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында.


2023 жылдың 21 қаңтарына дейін елімізден тірі ірі қара, қой және ешкі шығаруға тыйым салынды. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің жауабында айтылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 31 іс-шараны көздейтін 2022-2024 жылдарға арналған азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жоспар қабылданды. Бұл жоспар азық-түлік тауарларының нақты және экономикалық қолжетімділігін, тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Жоспар аясында 230 инвестициялық жобаны (2022 жылы - 80 жоба, 2023 жылы – 85 жоба, 2024 жылы – 65 жоба) іске асыру ұсынылды. Олар 2024 жылға қарай негізгі импортқа тәуелді тауарлар (алма, балық, шұжық өнімдері, ірімшік және сүзбе, құс еті) бойынша ел халқын 100 пайыз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді ол жауабында.



Сонымен қатар, Серік Жұманғариннің атап өтуінше, 2023 жылдың 21 қаңтарына дейін тірі ірі қара, қой және ешкі шығаруға тыйым салынды. 2022 жылдың соңына дейін қамыс шикізатын бажсыз әкелуге квота қолданылады. Сондай-ақ, әкімдіктер мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке 15 пайыз сауда үстемесінің сақталуына мониторинг және бақылау жүргізеді.



«Мораторийдің қолданылу кезеңінде тексерулер жүргізу бойынша тиісті ұсынымдар әзірленді. Мәселен, ӘМАТ-қа сауда үстемесін асырғаны үшін осы жылы 259 әкімшілік хаттама жасалды. Оған халықтың шағымдары негіз болды. Тексерулерге қосымша сауда субъектілерімен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі және заңнамалық нормалардың бұзылуына жол бермеу бойынша әзірленген жадынамалар жіберіледі», - деді министр.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #экспорт #сауда
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Маңғыстауда британдық туристердің көлігі сорға батып қалды

Бүгін 15:26

Алматыда Senat Open-2026 шахмат турнирінің ширек финалы басталды

Бүгін 14:01

Астанада жеке сектордағы жалындаған өрт ауыздықталды

Бүгін 11:51

KAZ Minerals шахтасында тағы бір жұмысшы қаза тапты

Бүгін 10:29

Тоқаев: Қуғын-сүргін құрбандарын жадымызда сақтау – қастерлі борыш

Бүгін 09:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);