конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 2027 жылдан бастап Алматыда көлік пен нысандарға ш...

2027 жылдан бастап Алматыда көлік пен нысандарға шығарындыларды азайтуға бағытталған жаңа талаптар енгізіледі

Әлеумет 30.04.2026, 11:20 337
2027 жылдан бастап Алматыда көлік пен нысандарға шығарындыларды азайтуға бағытталған жаңа талаптар енгізіледі

Алматыда атмосфералық ауаны қорғаудың жаңа ережелері бойынша негізгі талаптар 2027 жылдың басынан бастап күшіне енеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл туралы «Eco Almaty» ЖШС бас директорының орынбасары Айдана Қасен Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Оның айтуынша, құжат шығарындыларды азайтуға бағытталған кешенді шараларды қамтиды. Атап айтқанда, автокөлікке, өнеркәсіп нысандарына және тұрмыстық ластану көздеріне қойылатын талаптар күшейтіледі.

Автокөлік құралдарына қатысты бірқатар жаңа талап енгізіледі. Соның ішінде катализаторларды міндетті түрде пайдалану және шығарындылар бойынша белгіленген нормаларды сақтау қарастырылған.

III санаттағы нысандарға қатысты талаптар бөлек қарастырылған. Олар үшін сүзгілерді міндетті түрде орнату, шаң басатын технологияларды енгізу, тұрақты зертханалық өлшемдер жүргізу және экологиялық таза отын түрлеріне көшу талап етіледі.

Сонымен қатар, ережелерге сәйкес, қаладағы газдандырылған аудандарда қатты және сұйық отынды пайдалануға тыйым салынады.

Жаңа талаптарды енгізу ауа ластану деңгейін жүйелі түрде төмендетуге және барлық шығарынды көздерінің экологиялық жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#атмосфера
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты

Бүгін 17:01

Алматы әкімдігінің гранты бойынша 137 жас дәрігер резидентураны тәмамдады

Бүгін 16:37

Алматыда екі апта бойы жылу желілеріне гидравликалық сынақ жүргізіледі

Бүгін 16:36

Сауалнама: елдегі инфрақұрылым жағдайына деген ризалық арта түсті

Бүгін 15:59

Алматыда «Шабыт берген Алматы!» республикалық поэзиялық шығармалар байқауы басталады

Бүгін 15:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);