AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 2027 жылдан бастап кәсіпкерлерді қолдау шараларыны...

2027 жылдан бастап кәсіпкерлерді қолдау шараларының тізімі қысқарады

Әлеумет 24.01.2026, 16:11 342 dulatbekova
2027 жылдан бастап кәсіпкерлерді қолдау шараларының тізімі қысқарады
Сурет: Gov.kz

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мәжіліс депутатының сауалына жолдаған жауапта мемлекет бизнесті қолдаудың стратегиялық тәсілі қолға алынғанын мәлім етті, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

- Бизнесті мемлекеттік қолдаудың бірыңғай стратегиялық тәсілін қалыптастыру жұмысы басталды. Қолданыстағы шараларға ревизия жүргізіліп, мемлекеттік қолдау шараларының бірыңғай тізілімі қалыптастырылды. Олардың тиімділігін бағалайтын өкілеттіктер Ұлттық экономика министрлігіне берілді.

Мемлекеттік қолдау шараларының нәтижелілігін бағалау кірістердің өсуін, жалпы өнім көлемін, еңбек өнімділігін, салық түсімдерін, экспортты және жұмыс орындарын құруды қоса алғанда, өлшенетін көрсеткіштерге негізделеді. Бүгінгі таңда Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелерінде бизнес субъектілерінің мәртебесі, салық жүктемесі, басқа қолдау шараларына қатысуы және бюджет көрсеткіштері туралы толық және сенімді ақпарат бар. Бұл әрбір шараның тиімділігін объективті бағалауға мүмкіндік береді, - деп жазылған жауапта.

Қолдау шараларының тиімділігін бағалау үшін мемлекеттік органдар мен операторлардың ақпараттық жүйелерін «Baqylauda» ақпараттық жүйесіне интеграциялау арқылы, екі деңгейлі жүйе негізделген цифрлық мониторинг енгізіліп отыр.

- Жеке бағалау алынған қолдауды қарсы міндеттемелерді орындаумен салыстыру арқылы жүргізілетін болады. Мониторинг нәтижелерін ҰЭМ мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін талдау кезінде пайдаланады және оларды жетілдіру не тиімсіз құралдарды алып тастау жөнінде ұсыныстар әзірлей отырып, Үкімет жанындағы кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстарында жыл сайын қаралады. Қазір 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап тізілімге енгізілмеген шараларды ұсынуға тыйым салуды және Қаржыминіне мониторинг бойынша өкілеттіктер беруді қоса алғанда, осы тәсілдерді заңнамалық бекіту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Тиісті түзетулер Цифрлық кодекске ілеспе Заңында көзделген, - деп жазады Серік Жұманғарин.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кәсіпкерлер #қолдау шаралары #Тізім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы бокстан әлем кубогында 7 медаль жеңіп алды

Бүгін 18:58

Қазақстандық курсанттар математикадан ТМД олимпиадасында күміс жүлдегер атанды

Бүгін 18:54

Елордалық джиу-джитсу шеберлері Францияда топ жарды

Бүгін 18:48

ІІМ қызметкері стритлифтингтен Азия чемпионы атанды

Бүгін 18:44

Атырау әкімінің орынбасары Марат Мурзиев каратэден әлем чемпионы атанды

Бүгін 18:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика