2026 жылы МӘМС бойынша төлемдер өзгере ме?

  • 17:25, 25 желтоқсан 2025
2026 жылы МӘМС бойынша төлемдер өзгере ме? Сурет: naryk.kz

2026 жылға арналған ең төменгі жалақы мөлшері бұрынғы деңгейде бекітілгендіктен, негізгі санаттар бойынша МӘМС-ке төленетін жарналардың мөлшері сақталады. Алайда заңға енгізілген түзетулерге байланысты өзгерістер бар. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында түсіндірді.

 Жарна өсімі – тек мемлекеттік төлемдерге қатысты

2025 жылғы шілде айында Мемлекет басшысы МӘМС және медициналық қызметтер көрсету сұрақтары бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды. Оның бір бөлігі денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған – мемлекет, жұмыс берушілер және азаматтардың ортақ ынымақтастық жауапкершілігін арттыру арқылы.

Осы мақсатта әлеуметтік осал санаттағы халық үшін (олардың саны 11 миллионнан асады) мемлекет төлейтін жарналарды кезең-кезеңімен арттыру көзделген: 2027 жылы – 2,2%-дан бастап, 2037 жылға қарай – 4,7%-ға дейін. Қазіргі уақытта мемлекет жарналарының мөлшерлемесі есептеу объектісінің 2%-ын құрайды және бұл мөлшерлеме 2026 жылы да сақталады.

Айта кетерлігі, бұл өзгеріс жеңілдік санатындағы азаматтардың өздеріне еш әсер етпейді. Олар бұрынғыдай автоматты түрде сақтандырылған болып қала береді, себебі жарналарды мемлекет төлейді.

 Жоғарғы шектің өзгеруі нені білдіреді?

Денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қызметкерлердің жарналары мен жұмыс берушілердің аударымдарын есептеу үшін қолданылатын табыстың жоғарғы шегін арттыру енгізілді. Ал пайыздық мөлшерлемелер өзгеріссіз қалады.

Қазір  аударымдардың ең жоғары мөлшері 25 500 теңгені құрайды (10 ең төменгі жалақы мөлшеріндегі шекті табыстың 3%). 2025 жылы жарнаның ең жоғары мөлшері – 17 000 теңге (10 ЕТЖ-ның 2%-ы).

Енді жұмыс берушілер жарналарды 40 ЕТЖ-дан аспайтын табыстан, ал қызметкерлер 20 ЕТЖ-ға дейінгі табыстан төлейтін болады (бастапқыда екі төлем бойынша да шекті 50 АЕК-ке дейін арттыру ұсынылған, алайда заң жобасын талқылау барысында олар төмендетілді).

Демек, бұған дейін айлық табысы 850 мың теңгеден асатын қызметкерлер (1–2 млн теңге және одан жоғары табыс алатындар) 17 000 теңгеден артық жарна төлемейтін. Себебі есептеу базасына шектеу қолданылатын. Бұл белгіленген мөлшерлемеге пропорционалды түрде аз болып, айлығы 850 мың теңгеден төмен және жалақысының дәл 2%-ын төлейтін қызметкерлерге қатысты әділетсіз еді.

Өзгерістерден кейін қызметкердің ең жоғары жарнасы – 34 000 теңге (1,7 млн теңгенің, яғни 20 ЕТЖ-ның 2%-ы), жұмыс берушінің ең жоғары аударымы – 102 000 теңге (3,4 млн теңгенің, яғни 40 ЕТЖ-ның 3%-ы) болады.

Айта кетейік, бұл өзгеріс ай сайынғы табысы 850 мың теңгеден асатын жалдамалы қызметкерлердің небәрі 9%-ына ғана әсер етеді. Ал айлығы 3,4 млн теңгеден асатын қызметкерлер саны – бар болғаны 20 мың адам (0,3%). Қалған 91% жұмыс істейтін азаматтар үшін ештеңе өзгермейді.

Қалған төлеушілер үшін жарна мөлшерлемелері

Бірыңғай төлем төлеушілер

Бірыңғай төлемді жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өз қызметкерлері үшін төлейді. Ол жеке табыс салығын, жұмыс беруші мен қызметкердің міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, сондай-ақ МӘМС бойынша жарналар мен аударымдарды қамтиды.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап бірыңғай төлем мөлшері есептелген табыстың 24,8%-ын құрайды.

 Жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының иелері және жеке практикамен айналысатын тұлғалар

Бұл санаттар МӘМС-ке 1,4 ЕТЖ-ның 5%-ы мөлшерінде жарна төлейді.
2026 жылы ең төменгі жалақы мөлшері өзгермегендіктен, МӘМС жарнасы да бұрынғыдай – айына 5 950 теңге болып қалады. Бұл табыс деңгейіне қарамастан төленетін тұрақты жарна.

Айта кетейік, егер жеке кәсіпкер бір мезгілде басқа ұйымның жалдамалы қызметкері болып, ол үшін МӘМС төлемдері аударылып тұрса да, жеке кәсіпкер ретінде өзі үшін жарна төлеуден босатылмайды. Тек қызметін ресми түрде тоқтатқан немесе әрекетсіз деп танылған жеке кәсіпкерлер ғана жарна төлеуді тоқтатады.

 Дербес төлеушілер

Дербес төлеушілер санатына тұрақты жұмысы жоқ және жеңілдік санаттарына кірмейтін азаматтар жатады.

2026 жылы олар үшін МӘМС бойынша ай сайынғы жарна мөлшері 1 ЕТЖ-ның 5%-ы, яғни 4 250 теңге.

Сақтандырылған мәртебесін алу үшін олардың өткен немесе алдағы 12 ай қатарынан төлемдері болуы тиіс. Жарналарды әр айға жеке-жеке төлеу қажет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:57

17:25

17:09

16:38

16:36

16:23

15:52

15:39

15:23

14:45

14:26

14:14

14:03

12:53

12:29

12:23

12:15

12:06

11:48

11:33

11:22

11:02

10:43

10:41

10:22