2026 жылы жол ережесін бұзғаны үшін айыппұлдар өсті: не өзгерді?

  • 08:38, 15 қаңтар 2026
2026 жылы жол ережесін бұзғаны үшін айыппұлдар өсті: не өзгерді? Сурет: Polisia.kz

2026 жылдан бастап Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері 4 325 теңге болып бекітілді. Осыған байланысты жол қозғалысы ережесін (ЖҚЕ) бұзғаны үшін салынатын айыппұлдар да өсті. Аqshamnews.kz тілшісінің материалынан биылғы өзгерістерді біліңіз. 

2026 жылғы айыппұл мөлшері: ең жиі кездесетін құқықбұзушылықтар

5 АЕК (21 625 теңге) айыппұл салынатын жағдайлар:

  • жүргізуші куәлігінің немесе сақтандыру полисінің болмауы;

  • жолаушылар мен жүктерді тасымалдау талаптарын сақтамау;

  • қауіпсіздік белдігін тақпау;

  • көлік жүргізу кезінде телефон пайдалану;

  • алдыңғы әйнектерді заңсыз тонировкалау;

  • техникалық байқаудан өтпеген көлікті басқару.

10 АЕК (43 250 теңге) айыппұл:

  • мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз көлік жүргізу;

  • тоқтау немесе тұрақ ережесін бұзу;

  • тыйым салынған жерде артқа жүру;

  • бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту;

  • теміржол өткелінен ереже бұзып өту.

15 АЕК (64 875 теңге) айыппұл:

  • басымдыққа ие көлікке жол бермеу;

  • тротуармен, жаяу жүргінші жолымен немесе жол жиегімен жүру;

  • тежегіш жүйесі, рульдік басқаруы немесе тіркемесі ақаулы көлік жүргізу;

  • арнайы рұқсатсыз қайта жабдықталған көлікті пайдалану.

20–50 АЕК аралығындағы айыппұлдар:

  • жол қозғалысы қауіпсіздігі ережесін бұзып, материалдық залал келтіру – 20 АЕК (86 500 тг);

  • полиция қызметкерінің тоқтау талабын орындамау – 30 АЕК (129 750 тг);

  • жалған немесе қолдан жасалған нөмірмен жүру – 20 АЕК (86 500 тг);

  • жол-көлік оқиғасы орнын тастап кету – 50 АЕК (216 250 тг).

Жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл:

  • 10–20 км/сағ – 5 АЕК (21 625 тг);

  • 20–40 км/сағ – 10 АЕК (43 250 тг);

  • 40–60 км/сағ – 20 АЕК (86 500 тг);

  • 60 км/сағ және одан жоғары – 40 АЕК (173 000 тг).

Жол қозғалысы ережесіндегі маңызды өзгерістер

2025 жылдың қараша айында жол ережесіне бірқатар өзгерістер енгізілді.

Мемлекеттік нөмірлерге қатысты:

  • сұранысы жоғары нөмірлерді басқа өңірге көшсе де сақтауға болады;

  • тапсырылған нөмірлер 30 күнге дейін ғана сақталады;

  • нөмірді басқа адамға беруге тыйым салынады (тек жақын туыстарға рұқсат).

Жүргізуші куәлігіне қатысты:

  • әскери жүргізуші куәлігі бар азаматтар авто-мектепке бармай-ақ емтихан тапсыра алады;

  • медициналық қарсы көрсетілімдердің болмауы талап етіледі.

Қосымша өзгерістер:

  • елді мекендерде жүк көліктері үшін жылдамдық 50 км/сағ болып шектелді;

  • жол жұмыстары, ірі жүк пен балаларды тасымалдау кезінде сары немесе қызғылт сары маяктарды арнайы рұқсатсыз қолдануға рұқсат етілді.

Мамандар жүргізушілерді жол ережесін қатаң сақтауға шақырады, себебі 2026 жылы айыппұл мөлшері едәуір артқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:47

10:31

10:21

10:12

09:57

09:50

09:38

09:22

09:13

09:01

08:51

08:38

21:24

17:50

17:37

17:30

17:15

17:02

16:56

16:38

16:32

16:20

16:02

16:01

15:45