2026 жылдан бастап 60 мыңнан астам алматылық қосымша түрде МӘМС жүйесімен қамтылады

2026 жылдан бастап 60 мыңнан астам алматылық қосымша түрде МӘМС жүйесімен қамтылады Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматы қаласында 2026 жылдан бастап бұрын сақтандырылмаған 60 мыңнан астам тұрғын жергілікті бюджет есебінен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қосылады.  Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалының директоры Мұхамеджан Ільяс осылай деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазір Алматыда шамамен 2,3 млн адам тұрса, олардың 1,9 миллионы (82%) сақтандырылған мәртебеге ие екен. Қала тұрғындарының шамамен 444 мыңы қазір осы МӘМС жүйесінен тыс қалған.

«Сақтандырылмағандардың қатарында D мен Е санатына жататын, яғни жағдайы қиын және шұғыл деңгейдегі азаматтар бар. Бұлар өмірде қиындыққа тап болған шамамен 95 мың қала тұрғыны. Олардың табысы жоқ, болса да өте төмен, күнкөрісіне жетпейді, сондықтан олар мемлекеттің қолдауына қатты мұқтаж», – дейді ол.

2026 жылы осы санаттағы медициналық көмекті тұрақты пайдаланатын 34 мың адам үшін МӘМС жарнасын жергілікті бюджеттен төлей бастамақ.

Сонымен қатар, ресми түрде тіркелген 28 мың жұмыссыз азамат үшін де жарнаны жергілікті бюджеттің есебінен төлейді.

«Есепке қарағанда, 2026 жылы аталған санаттардағы адамдарға жарна төлеуге кететін шығын 6,9 млрд теңгеден асады. Бір адамға ай сайынғы жарна – 9189 теңге. Бұл ретте осы санаттағы барлық азаматтар автоматты түрде сақтандырылып, жарналар медициналық көмекке нақты жүгінген адамдарға төленетін болады», – деп атап өтті Мұхамеджан Ільяс.

Келер жылға қаңтардан бастап осы санаттағы тұрғындарға МӘМС жүйесінде дәрігерлік көмек алуға құқығын растайтын SMS-хабарлама келе бастайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

14:02

12:41

12:38

12:15

11:52

11:21

11:09

10:49

10:21

10:02

09:52

09:27

09:13

09:02

17:57

17:25

17:09

16:38

16:36

16:23

15:52

15:39

15:23

14:45

14:26