Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 2025 жылы Азық-түлік келісімшарт корпорациясының а...

2025 жылы Азық-түлік келісімшарт корпорациясының астық базаларынан астық жөнелту көлемі 25 пайызға артты

Әлеумет 24.01.2026, 14:50 227
2025 жылы Азық-түлік келісімшарт корпорациясының астық базаларынан астық жөнелту көлемі 25 пайызға артты
Сурет: Gov.kz

2025 жылы Азық-түлік келісімшарт корпорациясының еншілес ұйымы - «Астық қоймалары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі элеваторлардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, астықтың, оның ішінде мемлекеттік қордың сақталуын толық деңгейде жүзеге асырды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Қаңтар айынан желтоқсан айына дейін серіктестіктің астық қабылдау пункттеріне 434 мың тонна астық қабылданды, оның 358 мың тоннасы — жаңа өнім. 2026 жылғы 19 қаңтардағы жағдай бойынша «Астық қоймалары» серіктестігінің элеваторларында 264 мың тонна астық сақтаулы.

Жыл бойы төрт астық базасынан 432 мың тонна дәнді және майлы дақылдар жөнелтілді. 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жөнелту көлемі 25 пайызға өсті.

Астық қабылдау үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында барлық астық қабылдау бекеттерінде ауыл шаруашылығы өнімін өлшеудің сурет арқылы тіркеуі бар ақпараттық жүйе енгізілді. Бұл адам факторы әсерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша серіктестік астық қабылдау бекеттерінің инфрақұрылымын күтіп-ұстау және жаңғыртуға 404 миллион теңге бөлді. Үш астық базасы үшін астық кептіргіш қондырғылар мен автокөлік сатып алынды, қойма ғимараттары жөнделді, сондай-ақ теміржол кірме жолдарындағы бағыттама ауыстырылды.

2026 жылы «Астық қоймалары» өндірістік қуаттарды жаңғыртуды жалғастыра отырып, элеватор желісінің мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Азық-түлік келісімшарт корпорациясы #астық базалары #астық жөнелту #көлемі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев жастарға үндеу жасады: “Сіздер Қазақстан тарихында өз қолтаңбаларыңызды қалдыра аласыздар”

Бүгін 19:29

Алтын медаль: Ербол Хамитов Паралимпиада-2026 чемпионы атанды

Бүгін 17:27

«Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі»

Бүгін 17:15

Тоқаев: Digital Qazaqstan халық мүддесіне қызмет ететін құжат болуы керек

Бүгін 16:25

Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді

Бүгін 16:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика