AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 2025 жылдың соңына дейін Медеу ауданы 100% сыртқы...

2025 жылдың соңына дейін Медеу ауданы 100% сыртқы жарықпен қамтамасыз етеді

Әлеумет 22.08.2024, 10:51 1,025
2025 жылдың соңына дейін Медеу ауданы 100% сыртқы жарықпен қамтамасыз етеді
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен есептік кездесуде электр желілерін жаңғырту туралы айтты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Жыл басынан бері ауданда сыртқы жарықтандыруды жаңғырту шеңберінде 1 650 шам орнатылып, 23,3 км кабель желілері ауыстырылды, тағы 288 шам орнату мен 35,7 км кабель желілерін ауыстыру жұмысы жүргізіледі. Жыл соңына дейін аяқталады.

Сыртқы жарықтандыруды жаңғырту шеңберінде 90 бау-бақша серіктестіктерінде сыртқы жарықтандыру желілерін салуға қосымша ЖСҚ әзірленуде. Жұмысты келесі жылдың басында бастау жоспарлануда.

"Бұл Медеу ауданын 2025 жылдың соңына дейін сапалы көше жарығымен 100% қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді қала басшысы.

Сонымен қатар, пилоттық жоба аясында Медеу ауданында ескерткіштерді сәулеттік жарықтандыру жұмысы басталды. Қазір жаңа технология бойынша екі ескерткіш  — Абай мен Ш. Уәлиханов ескерткішіне жарық орнатылды. Жыл соңына дейін тағы 18 ескерткішті жарықтандыру аяқталады.

Алматыда барлығы 4,8 мың км сыртқы жарықтандыру желілері бар. 2024 жылы сапалы жарықтандыруды қамтамасыз етуге аудан әкімдігімен 9,9 млрд теңге қарастырылған. Қабылданып жатқан шаралардың арқасында мегаполисте сапалы сыртқы жарықтандырумен қамтамасыз ету 2024 жылы 85%-ға, ал 2025 жылы 100%ға дейін жеткізіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Медеу #Ерболат Досаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір қазақстандықтарға мемлекеттік наградаларды табыстады

Бүгін 17:54

Қазақстан мектептеріне жаңа пән қосу ұсынылды

Бүгін 17:42

Елімізде 5 жылға жетпей ажырасатындар көбейген

Бүгін 17:10

Туған күнін тойламайтындар

Бүгін 17:03

22 Наурызға қатысты 22 дерек

Бүгін 16:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика