Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 2024 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 1,4 млн ад...

2024 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 1,4 млн адам МӘСҚ-тан әлеуметтік төлем алды

Әлеумет 03.02.2025, 10:05 807
2024 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 1,4 млн адам МӘСҚ-тан әлеуметтік төлем алды
Сурет: Gov.kz

2024 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 1,4 млн қазақстандық жалпы сомасы 958,3 млрд теңгеге бес әлеуметтік тәуекел бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер алды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне (бұдан әрі – жүйе) қатысушыларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша тағайындалады, ол бюджет қаражаты есебінен төленеді. МӘСҚ-дан төлем медициналық-әлеуметтік сараптамада белгіленген дәрежесі 30% - дан 100% - ға дейінгі жалпы еңбекке қабілеттілігін жоғалту кезеңінде жүзеге асырылады және ол еңбек қызметін жалғастыруға байланысты емес.

2024 жылы еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайы бойынша төлемді 102 мыңнан астам адам 46,6 млрд теңге сомасына алды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 20%-ға артық. Белгіленген төлемнің ай сайынғы орташа мөлшері 60 407 теңгені құрады.

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем бюджет қаражаты есебінен асыраушысынан айырылу бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша жүйеге қатысушының асырауында болған адамдарға тағайындалады. МӘСҚ-дан төлем асырауындағы адамдар 18 жасқа толғанға дейін, ал күндізгі оқу нысанында оқыған жағдайында –23 жасқа дейін жүзеге асырылады.

Есепті кезеңде көрсетілген төлемді асыраушысынан айырылған 67,9 мың отбасы 33,8 млрд теңге сомасына алды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 26%-ға артық. Белгіленген төлемнің ай сайынғы орташа мөлшері 64 772 теңгені құрады.

МӘСҚ-дан жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем жүйенің қатысушысына оның жұмыстан шығарылу себебіне қарамастан тағайындалады. Тағайындаудың басты шарты – жұмыссыз ретінде тіркелу. Жүйеге қатысу өтіліне байланысты төлем 1 айдан 6 айға дейін жүзеге асырылады. Оның мөлшері жұмыссыз ретінде тіркелгенге дейінгі соңғы 2 жылдағы МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табысқа және жүйеге қатысу өтіліне байланысты.

Өткен жылы аталған төлем 88,2 млрд теңге сомасына жүзеге асырылды, оны 293,6 мың адам алды, бұл 2023 жылғы алушылар санынан 31%-ға артық. Белгіленген төлемнің ай сайынғы орташа мөлшері 81 500 теңгені құрады.

Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем жүктілік және босану бойынша демалыстың барлық күндеріне тағайындалады. Төлем мөлшері жүктілікке және босануға байланысты демалыс күніне дейінгі соңғы 12 айда МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табысқа және еңбекке жарамсыздық күндерінің санына байланысты.

2024 жылы аталған біржолғы төлемді 245,7 мың болашақ ана жалпы сомасы 385,6 млрд теңгеге алды, бұл 2023 жылы төленген сомадан 11%-ға артық. Тағайындалған төлемнің орташа мөлшері 1 621 299 теңгені құрады.

Бір жарым жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша ай сайынғы әлеуметтік төлем жүйеге қатысушыға бала туған күннен бастап тағайындалады. Төлем мөлшері соңғы 2 жылда МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыстың 40%-ын құрайды. Екі және одан да көп бала туған кезде төлем әрбір балаға жеке тағайындалады.

2024 жылы бұл төлем 276,8 мың адамға тағайындалды және ай сайынғы орташа төлем мөлшері 86 758 теңгені құрады. 2024 жылы барлық төлем алушылардың саны 672,6 мың адам болды, ал төлемдер 404,1 млрд теңгеге жасалды, бұның өзі 2023 жылғы сомадан 1,4 есе көп.

Осылайша, жұмыс істемейтін адамдарға қарағанда, жұмыс істейтін азаматтарды міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу арқылы әлеуметтік қорғау әлдеқайда жоғары.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#МӘСҚ #Әлеуметтік төлем #әлеуметік қорғау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика