2024 жыл Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі үшін елеулі реформалар мен инновациялар жылы болды

2024 жыл Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі үшін елеулі реформалар мен инновациялар жылы болды Сурет: ТЖМ

2024 жыл қызмет жұмысының тиімділігін арттыруға, азаматтардың қауіпсіздігін жақсартуға және төтенше жағдайларға жедел ден қоюды қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар жаңа жобаларды, реформалар мен бастамаларды іске асыруды есепке алғанда Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі үшін маңызды жыл болды, деп хабарлайды aqshamnews.kz ТЖМ-ге сілтеме жасап. 

 Жыл басынан бастап Қазақстан ТЖМ құтқару бөлімшелері өртке және авариялық-құтқару жұмыстарына 83 мыңнан астам шығу жасады. Осы операциялар барысында 14 мыңнан астам адам құтқарылды, 67 мыңнан астам адам эвакуацияланды, сондай-ақ 5 мыңнан астам зардап шеккен адамға шұғыл медициналық көмек көрсетілді. Су тасқыны кезеңінде 120 мыңнан астам адам, оның ішінде 45 мың бала құтқарылды және эвакуацияланды.

2024 жыл Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі үшін елеулі реформалар мен инновациялар жылы болды. Жаңа технологияларды енгізу, ұйымдық құрылымдарды қайта қарау және инфрақұрылымды жақсарту ТЖМ жұмысының тиімділігін арттыруға, сондай-ақ халық үшін қауіпсіздіктің неғұрлым жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Биылғы жылы қабылданған негізгі қадамдардың бірі ТЖМ ұйымдық-штаттық құрылымын айтарлықтай өзгерту болды. Бөлімшелер орталықтандырылған және басшы құрамның саны айтарлықтай азайды. Бұл шаралар негізгі қызметтерді, сондай-ақ өңірлік бөлімшелерді нығайтуға мүмкіндік берді, олардың саны 87-ден 28-ге дейін азайды. Жаңа төтенше жағдайлар вице-министр лауазымы енгізілді, ол ТЖ саласындағы цифрландырумен және инновациялармен айналысады. Бұл азаматтық қорғау органдары жұмысының жеделдігі мен тиімділігін арттыру үшін заманауи технологияларды енгізуге баса назар аударады. Бұл өзгерістер Мемлекет басшысымен келісіліп, ТЖМ жұмысының жеделдігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған.

2024 жылы ТЖ алдын алу және оларды жою жүйесі айтарлықтай жаңғыртылды. Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті құрылды, ол мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің ықтимал ТЖ-ға дайындығын бақылауды жүзеге асырады. Бұл комитет барлық тиісті құрылымдардың дайындығын үнемі тексеріп отырады.

Модернизация командалық орталықтың жедел штабына да әсер етті. Орталық қазір табиғи және техногендік төтенше жағдайларды нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретін мемлекеттік ақпараттық жүйелермен толық интеграцияланған. Жоғары технологиялық жабдықты енгізу жағдайларды тиімді болжауға және туындайтын қауіп-қатерлерге жедел ден қоюға мүмкіндік береді.

Қазақстандағы барлық ТЖ-ның 90% -ы  өрт екенін ескере отырып, 2024 жылы олардың салдарын барынша азайту бойынша айтарлықтай жұмыс жүргізілді. Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Павлодар және Абай облыстарының орман алқаптарындағы өрт ошақтарын ерте анықтау жүйесіне өзгерістер енгізілді, бұл орман өрттерінің ауданын едәуір қысқартуға мүмкіндік берді. Атап айтқанда орманды дала өрттерінің саны өткен жылмен салыстырғанда 2,6 есе азайды.

Халық арасында алдын алуға ерекше көңіл бөлінеді. Қағаз үгіт-насихат материалдарын пайдаланудан QR кодтары мен LED экрандары сияқты сандық ақпарат тасымалдаушыларға көшті. Бұл азаматтардың өрт қауіпсіздігі туралы ескерту және хабардар ету жұмыстарының тиімділігін арттырды.

Биылғы жылдың басынан бастап Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғау саласындағы ұлттық ғылыми зерттеулер, даярлау және оқыту орталығының, сондай-ақ ТЖ департаменттерінің базасында әртүрлі санаттағы 16 мыңға жуық адамды оқытты. Ел өңірлерінде 5 972 930 азаматты қамтыған 90 мыңнан астам оқу-жаттығу мен жаттығу өткізілді. Тоқсан сайын өткізілетін сейсмикалық жаттығулардың арқасында барынша көп адамды қамтуға қол жеткізілді.

Өрт сөндіру бөлімдерінің әлсіз инфрақұрылымы күрделі проблемалардың бірі болып қала береді, бұл құтқару операцияларының жеделдігіне әсер етеді. 2024 жылы алғаш рет тез салынатын конструкциялардан өрт сөндіру деполарын салудың бірегей жобасы енгізілді. Бұл шығындарды едәуір төмендетіп, құрылыс мерзімін қысқартты. Бірінші объекті Астанада іске асырылды, онда қызметтік жатақханасы бар өрт сөндіру депосы небәрі 3,5 айда салынды.

Сонымен қатар биылғы жылы еліміздің Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент сияқты ірі қалаларында, сондай-ақ Нарынқол, Қордай, Миялы және Орангай ауылдарында 10 заманауи өрт сөндіру бөлімі ашылды. Бұл қалалар мен ауылдарда ТЖ-ға ден қоюдың жеделдігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ Атырау қаласындағы Жайық өзенінің жағасында жаңа тез салынатын суда құтқару станциясы ашылды, оның аумағында құтқарушыларға арналған жатақхана салынды.

ТЖМ жаңа бірегей өрт депосының аяқталған құрылысы негізінде Астана қаласында өрт сөндіру депосының жобаларын ресімдеу бойынша бірыңғай стиль әзірленді. Өрт сөндіру бөлімдерінің ғимараттарын қауіпсіз пайдалану үшін, сондай-ақ жеке құрамның еңбек жағдайын жақсарту мақсатында еліміздің барлық өңірлерінде өрт сөндіру бөлімшелері мен жатақханаларға күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар эскиздік жобаларға сәйкес өрт сөндіру бөлімшелерінің сыртқы келбеті бірыңғай түс схемасына келтірілген.

Мемлекет басшысы министрліктің техникалық базасын арнайы техникамен, тікұшақтармен және ұшақтармен жаңарту жөнінде тапсырма берді. Сапалы техникамен және киім-кешекпен жарақтандыру бойынша әлеует артып келеді.

ТЖМ басшылығы аумақтық бөлімшелер жұмысының тиімділігін арттыру үшін материалдық-техникалық жарақтандыруды жаңарту бағытын ұстанады. ТЖД автопарктері өмірді құтқару, төтенше жағдайларға ден қою және оларды жою үшін арнайы техникамен белсенді түрде толықтырылуда.

ТЖМ аумақтық бөлімшелердің қажеттіліктері үшін құтқару техникасының әлемдік брендтерінің заманауи үлгілерін сатып алу бойынша жұмысты жүзеге асырады. Материалдық-техникалық базаны дамыту халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың салдарын барынша азайту саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдығын айғақтайды.

Биылғы жылы министрліктің бөлімшелері үшін 700-ден астам өрт және авариялық-құтқару техникасы, 4 әуе кемесі және 19 мыңға жуық жабдық (республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен) сатып алынды.

Аумақтық органдарды ірі өрттер кезіндегі апат ауқымын айқындауға мүмкіндік беретін, сондай-ақ жердегі іздестіру-құтқару операцияларында елеулі көмек көрсететін пилотсыз авиациямен кезең-кезеңімен жарақтандыру жүзеге асырылады.

Қостанай облысында күнделікті және қызмет көрсету жағдайында да пайдалануда ерекше нәтиже көрсетіп жүрген құтқарушылардың нысанды киім-кешектерін жақсарту бойынша пилоттық жоба іске қосылды.

Каспий теңізінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін «Теңіз жасағы» теңіз жасағын құру маңызды қадам болды. Сонымен қатар Алматы, Орал, Өскемен және Қостанай қалаларында төтенше жағдайларға ден қоюды күшейту үшін құтқару батальондары көшірілді, бұл жауапкершілік аймақтарын жедел қамтуды едәуір кеңейтуге мүмкіндік берді.

Гуманитарлық жүктерді қорғау және терроризмге қарсы операцияларға қатысу жөніндегі міндеттерді шешу үшін «Айбат» ТЖМ арнайы мақсаттағы жаңа бөлімшелері құрылды. Бұл бөлімшелер ел ішінде де, шетелде де төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіздік пен қолдауды қамтамасыз етеді.

2024 жылы ТЖМ жұмыс тиімділігін арттыру үшін жаңа технологияларды белсенді енгізуде. Осындай жобалардың бірі интерактивті карталарды қолдана отырып, ТЖ геоақпараттық жүйесін өрістету, ТЖ дамуын болжау және эвакуациялық пункттерді таңдау мүмкіндігі болып табылады. Сондай-ақ ТЖМ мен ІІМ ведомстволық желілерін біріктіретін, жабынның басым аймағын және шығындарды қысқартуды қамтамасыз ететін республикалық жедел цифрлық радиобайланыс жүйесі енгізілді.

Астана, Алматы және Павлодар сияқты су айдындарындағы ахуалына мониторинг жүргізу үшін жүзу шекараларын анықтау және батып бара жатқан адамдарды ерте анықтау жүйесі енгізілді. Биылғы жылы қауіпсіздікті арттыру үшін тәулік бойы бақылауды қамтамасыз ететін дауыс зорайтқыш құралы мен түнде көру мүмкіндігі бар ұшқышсыз ұшу аппараттары пайдаланылды.

Сейсмикалық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Алматыда халық пен қызметтерді жер сілкінісіне дайындау бойынша ауқымды ақпараттық науқан жүргізілді, әрекет ету жоспарлары мен алгоритмдері қайта қаралды. Сейсмологиялық саланы дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілді, оған сейсмикалық қауіпсіздікті жақсартуға бағытталған 52 іс-шара кіреді.

2024 жылы министрліктің жедел мақсаттағы «Алатау» оңтүстік базасы құрылды, оның базасында жойқын жер сілкінісі болған жағдайда зардап шеккендерге арналған шатырлы қалашық орналастырылатын болады.

Еліміздегі болашақ құтқарушыларды дайындайтын жалғыз жоғары оқу орны Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы болып табылады. 100 курсант, Қырғызстаннан келген 5 курсант және 28 магистрант қашықтықтан оқытуға, 9 магистрант күндізгі оқытуға қабылданды. Биылдан бастап магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша қашықтықтан оқыту ұйымдастырылғанын атап өтеміз. Беларусь және Ресей ТЖМ ведомстволық оқу орындарына оқуға 20 адам жіберілді. 137 курсант күндізгі оқу факультетін бітірді. 20 курсант шетелдік бейінді жоғары оқу орындарын бітірді. Бастапқы даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру білім беру бағдарламалары бойынша азаматтық қорғау органдары мен басқа да ұйымдардың 3709 қызметкері оқытылды.

Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру мақсатында 2024 жылы «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңға бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. ТЖМ ондаған жылдар бойы қолданыста болған заңға алғаш рет  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірлеу арқылы азаматтық қорғау саласындағы нормаларды жетілдіру бөлігінде заңнамалық түзетулерге бастамашылық жасады. Заң жобасы ҚР Парламентінің Мәжілісінде қаралуда, жұмыс топтарының 17 отырысы өткізілді. Заң жобасымен азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайы, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік, мемлекеттік материалдық резерв, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мен басқа да мәселелер бойынша азаматтық қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды іске асыру ұсынылады.

Елімізде азаматтық қорғау саласындағы халықаралық іс-шаралар ұйымдастырылды. Алматы қаласында Беларусь, Қазақстан және Ресей Төтенше ведомстволарының бірлескен алқасының отырысы өтті. Алматы облысының Тамғалы Тас шатқалында орналасқан  «Жартасты қала–Астана» базалық полигонында Алматы облысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің – Беларусь Республикасының, Қазақстан Қырғызстан, Тәжікстан мен Ресей Федерациясы төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою саласындағы уәкілетті органдарының құтқару бөлімшелерінің қатысуымен «Скала-2024» бірлескен арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өтті. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестіру кеңесінің он бесінші отырысы өтті. Сонымен қатар осы полигонда Орталық Азия елдерінің өкілдері үшін ТЖ-да ұшқышсыз авиацияны қолдану бойынша мастер-тренинг сияқты іс-шара өтті. Тренингке Қазақстан Республикасы ТЖМ, Қырғыз Республикасы ТЖМ, Тәжікстан Республикасы ТЖК және Өзбекстан Республикасы ТЖМ ұшқышсыз ұшу аппараттарының 24 операторы қатысуда. Соңғы 5 жылда ТЖМ ұшқышсыз аппараттар паркі 6 еседен астам ұлғайғанын және осыған байланысты дрондарды басқару бойынша мамандарды даярлау қажеттілігі артып келе жатқанын атап өтті. Биылғы жылы  елімізде Алматы қаласында Беларусь, Болгария, Қазақстан, Ресей, Словакия, Чехияның ең мықты спортшыларының қатысуымен өткен ұлдар мен жасөспірім ұлдар, қыздар мен жасөспірім қыздар арасындағы өрт-құтқару спорты бойынша әлем чемпионаты жарияланды. Бақылаушылар ретінде Сауд Арабиясының өкілдері қатысты.

ТЖ министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновтың бастамасымен министрлік базасында «Batyr team» спорт клубы ашылды, оның құрамына жүлдегерлер мен әлем чемпиондары, сондай-ақ балалар клубы кірді. Бұл ТЖМ имиджін нығайту, қызметкерлерді кәсіби және спорттық қызметте ілгерілету, сондай-ақ азаматтық қорғау органдарында спортты дамыту үшін маңызды қадам болды.

Қазақстан ТЖМ қоян-қолтық ұрыстан құрылған құрама бүгін халықаралық чемпионаттарда ведомствоның мүддесін қорғайды, еліміздің қоржынын алтын медальдармен толықтырады. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің кубогына қоян-қолтық ұрыстан бірінші турнир өткізілді. Биылғы жылы спортшылар ұлттық және халықаралық жарыстарда 78 медаль жеңіп алды, соның ішінде жекпе-жек, грэпплинг, кикбоксинг және гір спорты бойынша әлем және Азия чемпионаттары. Болашақта ТЖМ спорт клубтарының желісін кеңейтуді және республиканың әрбір өңірінде осындай орталықтар құруды жоспарлап отыр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:37

20:32

17:50

17:03

16:15

15:29

14:39

14:32

14:23

13:56

12:38

12:27

12:14

12:02

11:58

11:42

11:35

11:33

10:55

09:44

09:15

19:18

19:16

19:06

17:17