AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 2023 жылдың қорытындысы бойынша Арал теңізіне 2 мл...

2023 жылдың қорытындысы бойынша Арал теңізіне 2 млрд текше метрден астам су жіберілді

Әлеумет 22.01.2024, 09:15 1,486
2023 жылдың қорытындысы бойынша Арал теңізіне 2 млрд текше метрден астам су жіберілді
Сурет: Дмитрий Ермаков / «Лента.ру»

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қазақстанның Халықаралық Аралды құтқару қорына төрағалық етуіне арналған аппарат кеңесін өткізді.


Жиында министрліктің алдында тұрған міндеттер мен оларды іске асыру жоспары талқыланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Cу және ирригация министрлігіне сілтеме жасап. 


Бірінші вице-министр Болат Бекнияз Қазақстанның ХАҚҚ-на төрағалық ету мерзіміне жол картасы жасалып, қордың Атқарушы комитетінің төрағасы тағайындалғанын хабарлады. Атқару комитеті Астанада орналасады, оның құрамына әр елден екі өкіл кіреді. Ұйымдастыру жұмыстары толықтай ақпан айында аяқталады.


Сондай-ақ, бірінші вице-министр Солтүстік Аралды қалпына келтіру жобасының екінші кезеңіне дайындық туралы айтты. Бүгінгі таңда жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі жасалды және қазіргі уақытта мемлекеттік сараптамадан өтуде. Жақын арада министр Солтүстік Аралды қалпына келтіру жұмыстарына қатысушы Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесу өткізеді.


Ал Орталық Азияның Мемлекетаралық су шаруашылығы үйлестіру комиссиясының алдағы отырысында Солтүстік Аралға су жіберудің болжамды кестесі қаралатын болады. Айта кету керек, 2023 жылдың қорытындысы бойынша теңізге 2 млрд текше метрден астам су жіберілді.


«Алдағы үш жылды біз тиімді әрі ұтымды пайдалануымыз керек. Біріншіден, әрине, өзіміздің ұлттық мүддемізді қорғау және Орта Азиядағы көршілес мемлекеттермен қарым-қатынасты дамыту мәселесі. Сондықтан бұл жұмыс күнделікті бақылауда болуы керек. Өздеріңізге жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен атқарыңыздар», – деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.


Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 1 қаңтарында Халықаралық Аралды құтқару қорына төрағалық ету кезегі Қазақстан Республикасына өтті. Біздің еліміз алдағы үш жылда аталған ұйымды басқаратын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Арал теңізі #құтқару қоры #төрағалық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Wilo Group компаниялар тобының басқарма төрағасы Оливер Герместі қабылдады

Бүгін 17:15

Алматыда шығарындылары төмен аймақтың жұмыс тәртібі түсіндірілді

Бүгін 17:13

Алматы мен Лангкави арасындағы жаңа авиарейс ашылды

Бүгін 17:00

Moody's Қазақстан Республикасының «Baa1» деңгейінде егеменді кредиттік рейтингін растады, болжам «Тұрақты»

Бүгін 16:58

Азаматтардың басым бөлігі алдағы Құрылтай сайлауына қатысуға дайын екенін білдірді

Бүгін 16:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);