AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 2021 жылы қала тұрғындарының бастамасымен 256 жоба...

2021 жылы қала тұрғындарының бастамасымен 256 жоба жүзеге асты

Әлеумет 30.06.2022, 11:17 1,153
2021 жылы қала тұрғындарының бастамасымен 256 жоба жүзеге асты
almaty-akshamy.kz

2021 жылы қала тұрғындарының бастамасымен «Халықтың бюджетке  қатысуы» бағдарламасы бойынша 256 жоба жүзеге асты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Баспасөз туры барысында «Халықтың бюджетке қатысуы» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған жобалар ұсынылды. Олардың ішінде: спорт алаңы, сквер, воркаут аймағы, ойын алаңы, иттерді серуендетуге арналған саябақ бар.



2019 жылы Алматы әкімдігі Қазақстанда алғаш рет «Халықтың  бюджетке қатысуы» пилоттық жобасын іске асыруды бастады, оның мақсаты – тұрғындардың бастамалары мен ұсыныстары негізінде қала аудандарын дамыту және абаттандыру.



«2021 жылы қала тұрғындары өз аулаларын, көшелерін және аудандарын дамыту және абаттандыру жөнінде 934 ұсыныс берді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша қалалықтардың бастамасымен Алматыда құны 5,4 млрд теңге болатын 256 жоба іске асырылып, пайдалануға берілді», - деді Алматы қаласы қаржы басқармасының бөлім басшысы Айзат Қалжанова.




Баспасөз туры барысында журналистерге Әуезов ауданында салынған спорт алаңы көрсетілді. Бұл жобаның авторы - қала тұрғыны Юлия Джарокова. Ол көпір астындағы кеңістікті абаттандыруды ұсынған еді.



«Мен өсіп келе жатқан жасөспірімнің анасы ретінде баламның қай жерде шынығуы мүмкін деп орын іздедім. Жақын жерде қолайлы жер болған жоқ. Бағдарлама туралы біліп, қатыстым. Іске асыру идеясын қағазға түсірііп, жүзеге асырдым, енді міне, бұл біздің ауданның көрікті жерінің біріне айналды. Осы мүмкіндікті көпшіліктің пайдалануына кеңес беремін. Өтінім беріңіздер. Жобаларды іске асырыңыздар», - деді спорт алаңы жобасының авторы Юлия Джарокова.



«Өткен жылдың қорытындысы бойынша, Әуезов ауданында  құны 443,6 млн теңге болатын 22 жоба жүзеге асты. Мысалы, Саин-Шаляпин көшесі аумағы, Саин-Жұбанов көшесі көпірінің астындағы спорт алаңы, Төле би көшесі мен Яссауи көшесіндегі жаяу жүргіншілер аймағы жөнделді. Негізінен адамдар ортақ аймақтарды, скверлерді абаттандыруға, тротуарларды жөндеуге, балалар алаңдарын салуға байланысты өтінімдер береді», - деді Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов.



Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап Алматыда «Халықтың  бюджеткен қатысуы» аясында жобалық ұсыныстарды қабылдау басталды, оларды іске асыру 2023 жылға жоспарлануда. Өтінім беру мерзімі budget.open-almaty.kz. сайты арқылы 20 шілдеге дейін. Бір жобаның ең жоғары құны 61,2 млн теңгеден аспайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #халық #жобалар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы әлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлардан өтінім қабылдауды бастады

Бүгін 19:35

Алматыға Шанхай ғылым және технологиялар колледжі делегациясы келеді

Бүгін 18:42

Алматының ажары

Бүгін 18:12

Алматылық Камиля Досмалова пара таэквондодан Азия чемпионы атанды

Бүгін 16:51

Алматы тұрғындары «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына қатысты

Бүгін 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);