Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 2021 жылы мүгедектігі бар адамдарға 200 мыңнан аст...

2021 жылы мүгедектігі бар адамдарға 200 мыңнан астам қызмет көрсетілді – ҚР Еңбек министрлігі

Әлеумет 03.07.2021, 08:50 1,619
2021 жылы мүгедектігі бар адамдарға 200 мыңнан астам қызмет көрсетілді – ҚР Еңбек министрлігі
Сурет: Liter.kz

«Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар шеңберінде қарастырылған. 1411 нөмірі арқылы Call-орталықтан порталды пайдалану бойынша кеңес алуға болады.


Ағымдағы жылдың басынан бастап 113 мыңнан астам мүгедектігі бар адам Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы оңалтудың техникалық құралдарын, 6 мыңнан астамы ымдау тілі қызметтерін, 31 мыңнан астамы жеке көмекшінің қызметтерін, 36 мыңға жуығы санаторлық-курорттық емдеу алды және 122 мыңнан астам адам кепілдік берілген әлеуметтік топтамаларға тапсырыс ресімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады.


Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.


Бүгінгі күні порталда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 859 медициналық-әлеуметтік мекеме, 127 ОТҚ жеткізуші, жеке көмекші қызметтерін ұсынатын 13 мыңнан астам жеткізуші, ымдау тілі қызметтерін ұсынатын 250 жеткізуші, санаторлық-курорттық емдеу ұсынатын 66 жеткізуші, кепілдік берілген әлеуметтік топтама ұсынатын 135 жеткізуші тіркелген.
2020 жылғы 29 желтоқсаннан бастап электрондық үкімет порталында (eGov.kz) мүгедектігі бар адамдарға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік қызметтерін көрсетуге электрондық өтінім беру мүмкіндігі іске асырылды. Осы кезеңде электрондық үкімет порталы арқылы оңалту құралдарымен және қызметтерімен қамтамасыз етуге 110,5 мыңнан астам құжат ресімделді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #коронавирус #зона #заражение #Қазақстан #мүгедектігі бар #қызмет #еңбекмин #портал
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда "Заң және тәртіп" тұжырымдамасы бойынша ақпараттық кездесу өтті

Бүгін 18:08

Ел өңірлерінде 40 градусқа дейін аяз болмақ

Бүгін 17:45

Алматыда алғаш рет кәмелетке толмаған науқасқа жамбас-сан буынын толық алмастыру отасы жасалды

Бүгін 17:21

ҚазҰУ конституциялық өзгерістерді талқылау алаңына айналды

Бүгін 17:20

Елімізде екі күн қатарынан өскен доллар бағамы төмендеді

Бүгін 17:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі