Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / 19 жастағы футболшы Диас Төлеудің қазасы: не белгі...

19 жастағы футболшы Диас Төлеудің қазасы: не белгілі?

Спорт 17.10.2025, 11:11 799
19 жастағы футболшы Диас Төлеудің қазасы: не белгілі?
сурет: instagram.com/f.c.kairat

Кеше, 16 қазанда, "Хан-Тәңірі" командасының 19 жастағы шабуылшысы Диас Төлеу матч үстінде көз жұмды, деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. Жас футболшының қазасына қатысты қандай деректер белгілі?

Қайғылы жағдайдың мән-жайы

Оқиға Бірінші лигадағы «Хан-Тәңірі» – «Екібастұз» матчының 64-минутында болды. Диастың денсаулығы кенет нашарлап, оны алаңнан зембілмен алып шықты. Көп ұзамай ойыншының қайтыс болғаны ресми түрде жарияланды. Қайғылы жағдайдың нақты себебі әзірге ресми аталған жоқ.

ҚФФ-ның әрекеті

Қазақстан футбол федерациясы жақын уақытта құзырлы органдармен бірлескен арнайы комиссия құрылып, оқиға жан-жақты тергелетінін мәлімдеді. ҚФФ басшылығы да жағдайды анықтау үшін Алматыға ұшып кетті:

"Бас хатшы Давид Лория және кәсіби клубтар арасындағы жарыстар дирекциясының басшысы Бақытжан Пазылхаир барлық мән-жайды анықтау үшін шұғыл түрде Алматыға ұшып барады", - делінген федерация хабарламасында.

Диас Төлеу - жас талант

ҚФФ мәліметінше, Диас жастығына қарамастан футболға деген құштарлығымен және дарынымен көзге түскен. Ол «Қайрат» академиясының түлегі, 2006 жылы 4 мамырда туған. 2024 жылғы сәуірде «Хан-Тәңіріне» ауысты. Биылғы маусымда Бірінші лигада 18 матчқа қатысып, гол мен нәтижелі паспен ерекшеленбеген. Жасөспірімдер құрамында «Қайрат» сапында шамамен 15 матч өткізіп, 3 гол соғып, 2 голдық пас берген.

Клубтың мәлімдемесі

"Қайрат" футбол клубы қайғылы жағдайға қатысты жазба жариялады. 

"Бүгін 19 жасында «Хан-Тәңірі» ойыншысы, «Қайрат» ФК Академиясының түлегі Диас Төлеу өмірден өтті. Диас 2016–2023 жылдары біздің Академияда тәрбиеленіп, алғашқы QJ League маусымында «Қайрат» U-18 командасының сапында чемпион атанған. Ол мейірімділігімен, еңбекқорлығымен және мақсаткерлігімен ерекшеленіп, бапкерлері мен командаластарының құрметіне ие болды. «Қайрат» футбол клубы Диастың туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады. Қайғыларыңызға ортақпыз", - делінген клубтың хабарламасында.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қайрат ФК #диас төлеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Бүгін 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Бүгін 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Бүгін 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Бүгін 14:25

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Бүгін 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі