AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / 15 тамызда Алматыда өтетін YE концерті: жол қозғал...

15 тамызда Алматыда өтетін YE концерті: жол қозғалысы қалай шектеледі және қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

Мәдени Алматы 15.08.2026, 18:00 206
15 тамызда Алматыда өтетін YE концерті: жол қозғалысы қалай шектеледі және қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді
Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Концерт аяқталғаннан кейін көрермендерді қаланың алты бағыты бойынша 60 тегін шаттл тасымалдайды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

15 тамызда Алматыдағы Орталық стадионда YE концерті өтеді. Көрермендердің қауіпсіздігі мен қолайлы жүріп-тұруын қамтамасыз ету үшін қалада жол қозғалысын ұйымдастыру және қоғамдық көлік жұмысына қатысты қосымша шаралар қабылданады.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында сағат 15:30-дан бастап Орталық стадион маңында көлік қозғалысы кезең-кезеңімен шектеле бастайды. Сәтбаев көшесінің Байтұрсынов көшесінен Байзақов көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады.

Қауіпсіздік қызметтерінің шешімімен стадионға іргелес жолдардың жекелеген бөліктері де уақытша жабылуы мүмкін. Бұл ретте Абай даңғылындағы қоғамдық көлік қозғалысы қалыпты режимде жүзеге асырылады.

Көлік ағынын реттеу және кептелістің алдын алу үшін жергілікті жерлерде Полиция департаментінің қызметкерлері кезекшілік атқарады.

Концерт аяқталғаннан кейін көрермендерді қаланың алты бағыты бойынша 60 тегін шаттл тасымалдайды. Автобустар Орталық стадионнан Алматы Аренаға, «Алатау» метро бекетіне (Райымбек батыр маңы), Алматы-1 теміржол вокзалына, Орбита шағынауданына, Жұлдыз шағынауданына және Алматы халықаралық әуежайына қатынайды.

Сондай-ақ қоғамдық көлік пен метрополитен жұмысы күшейтіледі. «Байқоңыр» метро бекеті сағат 21:00-де жолаушылар үшін жабылады. Концертке келушілерге «Абай» және «Мұхтар Әуезов атындағы театр» станцияларын пайдалану ұсынылады. Метро жұмысы кемінде сағат 01:00-ге дейін, ал қажет болған жағдайда сағат 03:00-ге дейін ұзартылады.

Алматы тұрғындары мен қала қонақтарына жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап, көлік қозғалысына енгізілетін уақытша шектеуді ескеру және мүмкіндігінше қоғамдық көлікті пайдалану ұсынылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мәдениет #Алматы #Концерт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы түнгі уақытта шектеледі

Кеше 19:33

«Кітап оқитын ұлт» марафонына 100 мыңнан астам қатысушы тіркелді

Кеше 18:21

Қазақстанда 2026 жылғы қаңтар-маусым айларында ЖІӨ 4,1%-ға өсті

Кеше 17:46

Алматыда қалдықты қайта өңдеу, викторина және шығармашылық белсенділіктерге арналған экоуикенд өтті

Кеше 17:31

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Кеше 16:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);