AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / +15 градус: 14-16 наурыз күндері Қазақстанның басы...

+15 градус: 14-16 наурыз күндері Қазақстанның басым бөлігінде күн жылынады

Мұны білген жөн 13.03.2026, 14:33 349 Дина
+15 градус: 14-16 наурыз күндері Қазақстанның басым бөлігінде күн жылынады

«Қазгидромет» синоптиктері 14, 15 және 16 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялап, елдің басым бөлігінде жылы әрі құрғақ ауа райы күтілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Синоптиктердің болжауынша, алдағы 14-16 наурыз күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауқымды антициклонның әсерінен жылы әрі жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Тек елдің солтүстік және шығыс өңірлерінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын, яғни жаңбыр мен қар күтіледі. Сонымен қатар бұл аймақтарда көктайғақ болып, жел күшейіп, боран соғуы мүмкін.

Жалпы республика бойынша тұман түсуі ықтимал.

«Қазгидромет» мәліметінше, күндізгі ауа температурасы батыс пен оңтүстікте +3...+15 градусқа дейін көтеріледі. Ал солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде ауа температурасы -2...+5 градус аралығында болады.

Сондай-ақ синоптиктер 2026 жылғы наурыз айы Қазақстанның басым бөлігінде қалыпты межеден жылырақ өтетінін болжап отыр. Ай ішінде жауын-шашын мөлшері де көпжылдық нормадан жоғары болуы мүмкін.

Мамандардың айтуынша, наурызда ауа райы тұрақсыз болады: солтүстікте қар мен боран басым болса, оңтүстік пен батыста жаңбыр мен жылбысқы қар күтіледі. Ауа температурасы жалпы алғанда климаттық нормадан шамамен 1 градусқа жоғары болады. Сонымен бірге қысқа мерзімді салқындау кезеңдері де болуы ықтимал.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Израиль Президенті Ицхак Герцог шағын құрамда келіссөз жүргізді

Бүгін 18:17

Қазақстанға Израиль Президенті келді

Бүгін 17:54

Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

Бүгін 16:54

Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді

Бүгін 16:49

«Көктем көркі – қызғалдақ»: Алматы Оқушылар сарайында қалалық қызғалдақ фестивалі өтті

Бүгін 16:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика