конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Хабарлама / 14 қаңтарда елдегі қай жолдарда қозғалыс тәртібі ө...

14 қаңтарда елдегі қай жолдарда қозғалыс тәртібі өзгерді?

Хабарлама 14.01.2026, 10:30 653 dulatbekova
14 қаңтарда елдегі қай жолдарда қозғалыс тәртібі өзгерді?
Сурет: Astanatv.kz

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Ұлттық компанияның мәліметінше, 2026 жылғы 14 қаңтар таңғы уақытта бірнеше өңірдегі республикалық маңызы бар автожолдарда көліктің барлық түрі үшін қозғалыс ашылды.

Алматы облысы

• «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автомобиль жолының 25-67-шақырым аралығындағы учаскесі (Алматы ақы алу пунктінен Қонаев қаласына дейін);
• «Алматы — Шелек — Қорғас» автомобиль жолының 24-118-шақырым аралығындағы учаскесі (Арман ақы алу пунктінен Лавар елді мекеніне дейін).

Жетісу облысы

• «Үшарал — Достық» автожолының 84-164-шақырым аралығындағы учаскесі (Көктұма ауылы — Достық стансасы).

Батыс Қазақстан облысы

• «Атырау — Орал» автожолының 492-371-шақырым аралығы (Орал қаласы — Чапаев ауылы);
• «Чапаев — Жалпақтал — Казталовка — РФ шекарасы» автожолының 0-201-шақырым аралығы (Чапаев ауылы — Казталовка елді мекені);
• «Атырау — Орал» автожолының 371-189-шақырым аралығы (Чапаев ауылы — Атырау облысының шекарасы).

Атырау облысы

• «Атырау — Орал — РФ шекарасы» автожолының 67-178-шақырым аралығы (Махамбет елді мекенінен Индер елді мекеніне дейін);
• «Атырау — Орал — РФ шекарасы» автожолының 179-189-шақырым аралығы (Индербор кентінен Батыс Қазақстан облысының шекарасына дейін).

Жабық жолдар

Атырау облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Атырау — Орал — РФ шекарасы» автожолының 67-178-шақырым аралығындағы учаскесінде (Махамбет елді мекенінен Индер елді мекеніне дейін) барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу енгізілді.

Шығыс Қазақстан облысында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен — Алтай — Катонқарағай — Рахман қайнары» авто жолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы — Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.

Сонымен бірге «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолындағы жолайрықтың көпір құрылымының шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Қалқаман» жолайрығы учаскесі жабылды. Атап айтқанда, Қалқаман елді мекеніне кіреберіс пен Астана бағытына шығатын жол уақытша жабық.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жол #ауа райы #ахуал #қозғалыс тәртібі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әйгілі әнші Рики Мартин желіде Алматының әдемі көрінісін бөлісті

Бүгін 14:13

Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында жыл басынан бері 333 мыңға жуық қызмет көрсетілді

Бүгін 10:23

+45 градус: демалыс күндері еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 10:02

Алматыда ай сайынғы ақшалай қамсыздандыру алатын спортшылар саны шамамен төрт есеге артты

Кеше 19:25

Қазақстанда есту және сөйлеу қабілеті шектеулі жандар туралы тұңғыш толықметражды фильм түсіріліп жатыр

Кеше 17:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);