Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / 14 мыңнан аса қазақстандық алиментке берешек

14 мыңнан аса қазақстандық алиментке берешек

Әлеумет 08.06.2023, 15:45 987
14 мыңнан аса қазақстандық алиментке берешек
Сурет: Aikyn.kz

Бұл туралы Республикалық жеке сот орындаушылар палатасының төрағасы Айдос Иманбаев айтты.


Былтыр жеке сот орындаушылар кәсіпкерлердің пайдасына 185 млрд теңге өндірген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


2022 жылы алимент төлемеген 4 065 адам әкімшілік, 126 борышкер қылмыстық жауапқа тартылған.



"Сот орындаушылардың қабылдаған шараларының нәтижесінде 94% іс бойынша өндіріп алушыларға ай сайын алимент төленіп келеді. Оның ішінде 63%-ы айлығынан ұсталса, борышкерлердің 31%-ы өз еркімен төлейді. Сонымен қатар, 14 млрд теңге қарыз сомасындағы 15 мыңға жуық іс проблемалық саналады. Ондай борышкерлердің заңды өндіріп алуға жататын табыстары мен мүлкі жоқ. Бір адамның орташа қарызы 800 мың теңге", - деді Айдос Иманбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.



Оның айтуынша, алимент төлей алмайтын адамдар жұмысқа орналастырылады. Одан жалтарған жағдайда жауапқа тартылады.



"Мәселен, былтыр 4 065 алимент бойынша борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 303 іске көп. Алимент төлемегені үшін 126 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Тұрақты бос орындар жәрмеңкесінің арқасында сот орындаушылардың көмегімен жыл сайын кемінде 2 000 жұмыссыз борышкер жұмысқа орналасады", - деді палата төрағасы.



Сондай-ақ Айдос Иманбаев былтыр жеке сот орындаушылар кәсіпкерлердің пайдасына 185 млрд теңге өндіргенін атап өтті.


Қазіргі уақытта бала құқығын қорғау жөніндегі уәкiлеттi орган бастамасымен алимент мөлшерiн қайта қарау ұсынысы көтеріліп жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алимент #қарыз #сот
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдады

Бүгін 17:46

«Дос-Мұқасан» алғашқылардың бірі болып қол қойды: Алматыда Гиннес рекордына ресми старт берілді

Бүгін 17:26

ҚСЗИ-де жас сарапшылар жаңа Конституцияның негізгі жаңашылдықтарын талқылады

Бүгін 17:19

Еңбек ұжымы жаңа Конституцияны қолдады

Бүгін 17:12

Алматы бизнес қауымдастығы референдумды қолдады

Бүгін 16:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі