Қазгидромет 13 желтоқсанда қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде ескерту жариялады, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Қызылордада тұман болады.
Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысында түнде қар, бұрқасын, көктайғақ, күндіз жауын-шашын, бұрқасын, көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с. Оралда түнде қар, бұрқасын, күндіз жауын-шашын, кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Қонаевта оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с.
Атырау облысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), күндіз облыстың батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауады. Көктайғақ, күндіз жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Атырауда жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ, күндіз жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбе қ.: 13 желтоқсанда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.
Жетісу облысының таулы аудандарында көктайғақ, тұман болады. Шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында қар, бұрқасын болады. Күндіз жауын-шашын (жаңбар, қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Семейде түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбар, қар) жауады. Бұрқасын, көктайғақ. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с. Өскеменде күндіз қар, бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.
Жамбыл облысының таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын болады. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с. Таразда кей уақыттарда тұман түседі. Түнде көктайғақ болады.
Қостанай облысының оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында аздаған қар, жаяу бұрқасын боладыі. Облыстың батысында, шығысында тұман түседі.
Ұлытау облысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Жезқазғанда қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысында қар, бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертен және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Қарағандыда қар, бұрқасын, көктайғақ болады.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Астанада кей уақыттарда қар, жаяу бұрқасын боладыі.
Ақмола облысында қар, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.