AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / 108 педагог «Педагогикалық идеялар панорамасы» рес...

108 педагог «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауының жүлдегері атанды

Білім және ғылым 24.12.2024, 12:53 899 dulatbekova
108 педагог «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауының жүлдегері атанды
Cурет: Оқу-ағарту министрлігі
Биыл сәуірде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен басталған «Педагогикалық идеялар панорамасы-2024» республикалық бейнесабақтар мен бейнеәдістер конкурсының қорытындысы шығарылды.
 
Оған 5000-ға жуық педагог қатысты, олардың 108-і жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды aqshamnews.kz
 
Мақсаты - пәнаралық негізде білім алушылардың ерте/функционалдық сауаттылығын дамыту саласында педагогтердің өзара іс-қимылының заманауи педагогикалық тәжірибесі мен үздік тәжірибелерін жалпылау және танымал ету.
 
Байқау екі кезеңнен тұрады: аймақтық және республикалық. Бейнесабақтар 12 бағыт бойынша дайындалды, оларды өңірлік сараптама кеңесінің мүшелері жеті критерий бойынша бағалады.
«Республикалық сараптамалық кеңестегі жұмысқа Өрлеу өкілдері мен конкурстың бағыттары бойынша сыртқы сарапшылар тартылды. Конкурстық жұмыстарды бағалау рәсімі ашық және шынайы болды. Республикалық кезең жүлдегерлерінің тізімі біздің орталық филиалдарының сайтында және ресми аккаунттарында орналастырылады», - деді «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығының басқарма төрағасы Айдана Шилибекова.
 
Осылайша, 102 педагог 1, 2, 3 дәрежелі дипломдарға ие болды. Әр бағыт бойынша YouTube-те ең көп қаралған бейнематериалдардың авторлары анықталды. Сонымен қатар, биыл ЮНЕСКО байқауға қатысушылардың жұмыстарына бірінші рет баға беріп, «жаһандық азаматтық рухында білім беру» және «климаттық өзгерістер саласындағы білім беру» бағыттары бойынша арнайы марапаттар табыстады. Бұл бастама конкурстың сапасы мен өзектілігін арттырып, оның мәртебесін халықаралық сараптамалық деңгейге жақындатты.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Педагогикалық идеялар #республикалық байқау #мұғалімдер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);