конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / 104 тоннадан астам көкнәр сабаны тәркіленді

104 тоннадан астам көкнәр сабаны тәркіленді

Заң мен тəртіп 06.11.2023, 03:21 1,111
104 тоннадан астам көкнәр сабаны тәркіленді

Айналымға апиынның бір миллионнан астам бір реттік дозасы жіберілмеді, – деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Polisia.kz сілтеме жасап.


ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті Батыс Қазақстан облысының полициясымен және көліктегі полициямен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен құрамында көкнәр сабаны мен апиынның қоспалары бар тағам көкнәрінің шетелден жеткізілу арнасының жолын кесу бойынша кең ауқымды арнайы операцияны аяқтады.



– Арнайы мақсаттағы бөлімшелердің қолдауымен құрылған жедел-тергеу топтары Орал, Ақтөбе, Шымкент және Алматы қалаларының аумағында Алматыда апиын көкнәрін сатып алып, оны еліміздің батысында сатқан сегіз адамды ұстады. Есірткі трафигін Шымкент қаласының 50 жастағы тұрғыны ұйымдастырған. Ол Ақтөбе мен Оралдағы төрт дүкеннің иесі болып шықты. Сол арқылы күдікті есірткі жасауға арналған көкнәр сабаны мен өнеркәсіптік еріткішті сатқан. Полиция бір мезгілде Астана, Алматы, Орал, Шымкент, Ақтөбе, Қостанай, Көкшетау, Рудный қалаларында 35 тінту іс-шарасын жүргізіп, күдіктілерді ұстады, – деді ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Сарқытбай Құсайынов.



Орал қаласында жүргізілген тінту барысында екі дүкенде 13 қап кептірілген көкнәр сабаны, еріткіші бар қораптар, таразылар, есірткі саудасынан алынған ақша ағындары тіркелген кассалық журналдар тәркіленді.


Ақтөбеде тағы 68 қап көкнәр сабаны, еріткіші бар қаптамалар, кассалық журнал және қылмыскерлер есірткі тасымалдайтын Toyota Highlander жол талғамайтын көлігі тәркіленді.


Шымкентте қылмыстық бизнесті ұйымдастырушы ұсталды. Оның үйінен есірткі саудасының қаржы ағындары тіркелген алты кассалық журнал, бес қап кептірілген көкнәр сабаны, Toyota Land Cruiser Prado 150 жол талғамайтын автокөлік, сондай-ақ DAF ауыр жүк көлігі табылды.


Алматыда қылмыстық топ мүшелерінің бірі жалға алған қойма үй-жайларына тінту жүргізілді. 22 тоннадан астам көкнәр сабаны, сондай-ақ BMW X5 автокөлігі табылып, тәркіленді.


Бір мезгілде көлік полициясы Астана, Алматы, Қостанай және Рудный қалаларында апиын көкнәрін сату бойынша ортақ отбасылық қылмыстық бизнесті жолға қойған жеті фигурантты ұстады.



– Жүргізілген арнайы операциялар нәтижесінде қылмыстық топтың 15 мүшесі ұсталды. Олар 15 жылдан 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. 104 тоннадан астам көкнәр сабаны, 600-ден астам “тропикамид” және “мидекс” дәрілік препараттарының бөтелкелері, шамамен 5 млн теңге, 4 автокөлік және DAF ауыр жүк көлігі тәркіленді. Бұл ретте бір реттік доза үшін 0,2 грамм экстракциялық апиын жеткілікті екенін атап өткен жөн. Осылайша айналымға апиынның бір миллионнан астам бір реттік дозасы жіберілмеді. Тәркіленген өнімнің құны 4 млрд теңгеге бағаланады, – деді Сарқытбай Құсайынов.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Көкнәр #қылмыс #полиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – дастан» атты ауқымды мерекелік концерт өтті

Бүгін 11:34

Алматының коммуналдық қызметтері нөсер жаңбырдың салдарын жедел түрде жойды

Кеше 20:52

Иранда аятолла Әли Хаменеимен қоштасуға арналған аза тұту рәсімдері басталды

Кеше 17:50

Алматыдағы сенбілікке 2,4 мың адам қатысты

Кеше 15:41

Жаңа Конституцияны диалог пен шығармашылық арқылы жүзеге асыру: Алматыда ауқымды жастар науқаны өтіп жатыр

Кеше 15:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);